Официальный сайт

Футбольного клуба «Иртыш»
erg po pfl kff

ГРОЗНЫЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҰПАЙЫ
ГРОЗНЫЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҰПАЙЫ

«Ертіс» ел біріншілігің 24-турында өз алаңында «Қайсармен» ойнады. Тартысқа толы болған кездесу тең есеппен аяқталды, павлодарлықтар да қызылордалықтар да бір-бірінің қақпасына гол сала алмады, 0:0. 

Бұл Вячеслав Грозныйдың «Ертістегі» бас бапкер ретіндегі алғашқы ойыны болған. 

Төрешінің ысқырығы шалынысымен алаң иелері жанкүйерлерін қуанту мақсатында алға ұмтылды. Сол жақ қапталдан Живкович қайсарлық Әмірсейітовты алдап өтіп жермен пас шығарды – доп қарсыластың аяғына тиіп қақпаға қарай ұшты, алайда, қақпашы дер кезінде қимылдап қауіпті қайтарды. 

Келесі сәтте Бугаевтан доп алған Фонсека әріптесі Фофананы алға шығарды, Беконның тура бағыттаған соққысына қақпашы тойтарыс берді. Допқа бірінші болып жеткен Фонсека табанымен әдемі гол соқпақ еді, қорғаушылардың бірі допты сызықтың бойынан алып шықты. 

Алғашқы таймның басым бөлігі павлодарлықтардың шабуылымен өтті. Бірақ, Дарабаев, Әлиев, Килицинның соққылары қақпаға жетпей жатты. 
Өз кезегінде қонақтар да гол соғатын мүмкіндікке ие болды, алайда Аржановтың соққысы Лория қорғаған қақпаның сыртынан кетті. 

Екінші таймдағы ұрымтал сәттердің бірінде Милош Стаменкович пен қайсарлық футболшының арасында кикілжің туындап, павлодарлық ойыншы жерге құлап қалды. 

Осыдан соң бас төреші сербиялық қорғаушының ашуға бой алдырғанын байқап, əуелі сары қағазды, сосын қызыл қағазды көрсетіп, алаңнан қуып жіберді. 

Он футболшымен қалған «Ертістің» ойын жүйесіне өзгеріс енгізу қажет болды. Вячеслав Грозный амалсыздан тыңнан қосылған Калининды алып тастап, орнына Дəуітовты шығарды. 
Себебі, кездесудің аяқталуына 20 минуттай уақыт қалды, ал тең есеп орын алған кезде команданы қорғаныссыз қалдыру үлкен тәуекел. 

Бір адамға кем қалса да павлодарлықтар бір гол салып кететін шабуылдар жасады. Солардың бірінде Дадабаевтың пасын алған Бугаев басынан асқан допты аяғымен айналып тепті. Өкіншке орай қисық кетті. 

Матч соңына дейін қос команда мергендік таныта алмады. Грозный «Ертістің» бас бапкері ретіндегі алғашқы ұпайына қол жеткізді. 

«Ертіс»: Лория, Есимов, Кислицын, Стаменкович, Живкович, Əлиев (Калинин 63, Дәуітов 76’), Родриго, Дарабаев, Фонсека, Фофана (Огиря 63), Бугаев 
Қосалқы құрам: Калмыков, Тулиев, Попов, Шабалин, Гетериев, Смаилов 

«Қайсар»: Исламқұлов, Аржанов (Бойович), Граф, Камара, Курьо, Ламанж, Джа Джедже (Жанғылышбай 90+1), Əмірсейітов, Байжанов (Сахалбаев 83), Коробкин, Чуреев 
Қосалқы құрам: Григоренко, Алтынбеков, Мулдаров, Нарзильдаев, Сахалбаев, Балтаев, Омаров 

Төрешілер: Фуркат Атажанов (Шымкент), Денис Лабашов (Атырау), Валерий Гусев (Көкшетау). Қосалқы судья: Игорь Алёшин (Павлодар) 

20 тамыз, 2017, 19:30. Павлодар қаласы , Орталық стадион. 3500 жанкүйер. 

пресс-служба ФК «Иртыш» admin

21.08.2017 в 18:46

Теги:
  • Таблицы
  • Встречи

  • Премьер-Лига


    КомандаИО
    1 Кайрат 27 62
    2 Астана 24 60
    3 Ордабасы 27 49
    4 Тобол 27 39
    5 Иртыш 27 37
    6 Шахтер 26 30
    7 Кайсар 26 29
    8 Тараз 27 29
    9 Акжайык 27 26
    10 Актобе 27 26
    11 Атырау

    27

    26
    12 Окжетпес 26 21

     



    Вторая Лига


    КомандаИО
    1 Атырау    
    2 Кайрат    
    3 Тобол    
    4 Иртыш    
    5 Жетысу    
    6 Ордабасы    
    7 Тараз    
    8 Шахтер    
    9 Актобе    
    10 Астана    
    11 Окжетпес    
    12 Кайсар    

    ФК Иртыш   ФК Акжайык
    XXVII тур
    0:1
    16 сентября

    ФК Тобол   ФК Иртыш
    XХVI тур
    1:2
    10 сентября

    ФК Тараз   ФК Иртыш

    ХXV тур

    1:1
    26 августа

    ФК Иртыш   ФК Кайсар
    XXIV тур
    0:0
    20 августа

    align="center" kff