Официальный сайт

Футбольного клуба «Иртыш»

Қазақстан - Черногория: Сандар сөйлейді

Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Черногория құрамасымен кездесіп, 0:3 есебімен есе жіберді. Бұл кездесуде қанша рет бұрыштама көтерілді, қанша соққы жасалды, кім допқа көбірек иелік етті? 

Соққылардан бастайық. Қазақстандық футболшылар 90 минуттық ойын барысында 14 рет қарсыластың қақпасын нысанға алған. Алайда, тек үш рет қана доп тура бағытталды, қалған 11 соққы биік не қисық кеткен. 
Черногориялықтар болса 9 рет Давид Лория қорғаған қақпаны көздеп тепті, оның ішінде 6 соққы тура бағытталды. Өкініштісі, алты соққының тең жартысы голға айналды. 

Допқа иелік етуге келсек, мұнда алаң иелерінің басымдылығы бар. Отандастарымыз 54%, Черногория 46% иелік етті. 

Бұрыштама добында Қазақстан әлдеқайда басым. Александр Бородюк баптаған футболшылар 9 рет бұрыштама көтерді, қарсыластар болса 1 рет қана. 

Бұл ойында тартыс та, күрес те болды. Қазақстандықтар 19 рет ереже бұзған екен. Черногориялықтар бұл көрсеткішке қарағанда тәртіптірек өнер көрсетті, олар 10 рет төрешінің назарына іліккен. Тағы бір дәлел, ұлттық құрама сапында 3 футболшы сары қағаз алды, ал, қонақтарға бір рет ескерту көрсетілді. 

Оффсайд. Мұндағы көрсеткіш 3:0. Черногориялық қорғаушылар үш рет отандастарымызды оффсайд сызығында қалдырған, өздері бірде-бір рет ойыннан тыс қалмапты. 

Сонымен қатар, қос бапкер үш реттен футболшыларын алмастырды. 

пресс-служба ФК «Иртыш» admin

2.09.2017 в 14:48

Теги:

Премьер-Лига


Команда И О
1 Астана 23 57
2 Кайрат 25 56
3 Ордабасы 25 45
4 Иртыш 25 37
5 Тобол 25 35
6 Кайсар 25 29
7 Тараз 25 29
8 Шахтер 24 27
9 Атырау 25 25
10 Актобе 25 21
11 Окжетпес

24

21
12 Акжайык 25 20

 



Вторая Лига


Команда И О
1 Атырау    
2 Кайрат    
3 Тобол    
4 Иртыш    
5 Жетысу    
6 Ордабасы    
7 Тараз    
8 Шахтер    
9 Актобе    
10 Астана    
11 Окжетпес    
12 Кайсар    

ФК Тараз   ФК Иртыш

ХXV тур

1:1
26 августа

ФК Иртыш   ФК Кайсар
XXIV тур
0:0
20 августа

ФК Атырау   ФК Иртыш
XXIII тур
0:0
13 августа

ФК Акжайык   ФК Иртыш
XXII тур
0:1
30 июля

align="center"