Официальный сайт

Футбольного клуба «Иртыш»
erg po pfl kff

Польша – Қазақстан: Сандар сөйлейді
Польша – Қазақстан: Сандар сөйлейді

4-қыркүйектен 5-қыркүйекке қараған түні Қазақстан ұлттық құрамасы 2018-жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда Польшамен кездесті. Бұл жолы еліміздің бас командасы 3:0 есебімен жеңіліске ұшырады. 

Варшавадағы ойында кім допқа көбірек иелік етті, қанша рет бұрыштама көтеріліп, қанша соққы бағытталды? 

Соққылардан бастайық. Польшалықтар Давид Лория қорғаған қақпаға 16 соққы жасаған екен, оның ішінде 6 соққы тура бағытталды, өкінішке орай, үшеуі голға айналды. 
Ал, қазақстандықтар 90 минуттық матч барысында небәрі 3 соққы жасаған, оның ішінде екеуі қисық бағытталып, біреуі ғана тура тебілді. 

Допқа иелік етуде де алаң иелері басым: 57% – 43%. 
Бұрыштамаға келетін болсақ, отандастарымыз 6 рет бұрыштама орындаған, Польша өз кезегінде 10 рет бұрыштама орындады. 

Ереже бұзуда жерлестеріміз алдына жан салмады, 18 рет тәртіп бұзған. Польшалықтар қазақстандықтарға қарағанда 2,5 жарым есе аз тәртіп бұзды, 7 рет қана. 
Айта кетейік, осы ойында төрт сары қағаз көрсетілді, барлық ескертулерді Қазақстан құрамасының футболшылары алды. 

Алаң иелері бірде-бір рет офсайдта қалмаған, ал, қазақстандық футболшылар үш рет офсайд сызығында қалып қойған. 

Давид Лория 14 рет допты өз қақпасының тұсынан ойынға қосты, ал, қарсыластар 6 рет. 

Әуеден берілген пастарға келетін болсақ, мұнда да польшалықтар үлкен басымдылыққа ие. Олар 31 рет әуеден пас жолдаса, қазақстандықтар 12 рет қана «екінші қабатта» пас бере алған. 

Қазақстан пен Польша өзара осымен бесінші рет кездесті. Алғашқы матч 2003 жылы болды (жолдастық кездесу, 06.06.2003. Есеп: 3:0). 

Жалпы, 4 рет польшалықтар жеңіске жетіп, бір рет қос құрама тең тарқасқан. Ол тең есеп осыдан тура бір жыл бұрын, 2016 жылдың 4-қыркүйек күні «Астана Аренада» орын алған, сол кездегі есеп 2:2. 

Доп айырмасы: 12 – 3, польшалықтардың пайдасына. 
ФИФА рейтінгінде Польша 5-інші орында тұр, Ал, Қазақстан 105-інші орында. 

пресс-служба ФК «Иртыш» admin

5.09.2017 в 14:23

Теги:
  • Таблицы
  • Встречи

  • Премьер-Лига


    КомандаИО
    1 Кайрат 27 62
    2 Астана 24 60
    3 Ордабасы 27 49
    4 Тобол 27 39
    5 Иртыш 27 37
    6 Шахтер 26 30
    7 Кайсар 26 29
    8 Тараз 27 29
    9 Акжайык 27 26
    10 Актобе 27 26
    11 Атырау

    27

    26
    12 Окжетпес 26 21

     



    Вторая Лига


    КомандаИО
    1 Атырау    
    2 Кайрат    
    3 Тобол    
    4 Иртыш    
    5 Жетысу    
    6 Ордабасы    
    7 Тараз    
    8 Шахтер    
    9 Актобе    
    10 Астана    
    11 Окжетпес    
    12 Кайсар    

    ФК Иртыш   ФК Акжайык
    XXVII тур
    0:1
    16 сентября

    ФК Тобол   ФК Иртыш
    XХVI тур
    1:2
    10 сентября

    ФК Тараз   ФК Иртыш

    ХXV тур

    1:1
    26 августа

    ФК Иртыш   ФК Кайсар
    XXIV тур
    0:0
    20 августа

    align="center" kff