Официальный сайт

Футбольного клуба «Иртыш»
erg po pfl kff

«МЕЙРАМ ҚУАНЫШҚА ҰЛАСПАДЫ»
«МЕЙРАМ ҚУАНЫШҚА ҰЛАСПАДЫ»

1-қыркүйек күні Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана Аренада» 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Черногория құрамасымен кездесті. Өткір сәттер мен әдемі мүмкіндіктерге толы болған матч қонақтардың пайдасына шешілді. Есеп 0:3. 

Александр Бородюк баптаған команда өз алаңында өтетін кездесуде «Құрбан айт» мерекесінде жанкүйерлерін қуантады деп сенген едік. Мүмкіндіктер болды, шеберлік жетіспеді. 

Отандастарымыз ысқырық шалынысымен қонақтарды қыспаққа алуды тырысты, алайда бірінші өткір сәт Давид Лория қорғаған қақпаның тұсында болды. 

Стандартты жағдайдан соң қалың футболшылардың арасынан Лория допты сыртқа шығарғандай болды, бірақ доп қызыл жейделі ойыншының аяғына дәл келіп ол соққы жасады, абырой болғанда Лория алып шықты.  

Бірнеше минуттан кейін қорғаныста қате пас орын алып, черногориялық 11-нөмірдегі шабуылшы оң жақ қапталдан қақпаға қарай жүгірді, оның соққысына Давид пен Елдос Ахметов тосқауыл болды. 

15-минутта Қазақстан шабуылға бет алды, сол жақ қапталдан Шомко әуелете пас жолдап, оң жақ қапталдан Серікжан Мужиков бірден соққы жасады, қорғаушыға тиген доп бұрыштамаға кетті. 

Азат Нұрғалиев бұрыштама добын орындап ашық қалған Елдос Ахметов баспен допты қақпаға бағыттады, өкінішке орай черногриялық қақпашы командасын құтқарып қалды. 

Ал, 30-минутта орталықтан допты тартып алған қонақтар 3-ке 6 болып шабуылға шықты. Жанға бататыны Стефан Йоветич бір ғана паспен барлық Қазақстан ұлттық құрамасының қорғанысын қылыштай қиып түсіріп, Марко Вешович қақпашымен бетпе бет шығып, гол соғып кетті. 

Есе қайтарудың жолын қарастырған Ғафуржан Сүйімбаев сол жақ қапталдан қарсыластардың алаңына пас шығарды, допқа бірінші жеткен вице-капитан Исламбек Қуат бәрінен биік секіріп баспен соқты, оның соққысы Даниель Петкович қорғаған қақпаның маңдайшасына тиіп кері серпілді. 

Өз кезегінде черногориялықтар қауіпті стандартты орындады, алыстан келген допты Лория шетке шығарды. 

Екінші таймда бас бапкердің кеңесін тыңдаған команда шабуылға шықты, стандартты жағдайдан келген допқа жас шабуылшы Роман Мұртазаев биік секіріп қақпаға жолдады, Петковичтің қолынан кеткен доп Абзал Бейсебековке жетті, оның орталыққа жіберген пасын қорғаушылар мен қақпашы қағып алды. 

Осыдан соң черногориялық Марко Янкович стандартты шебер орындап, Фатос Бечирай екінші голды салып кетті. Осы кезде «Сен салмасаң – саған салады» деген қағида амалсыз еске түседі. 

10 минуттан соң қазақстандықтар ойын ережесін қайта бұзды. Янкович қайтадан стандартты нүктеден пас жолдап, Марко Симич есепті 3:0-ге жеткізді. Сөзсіз, айып соққысын орындауда қарсыластардың шеберлігінің әлдеқайда басым екенін мойындау керек. 

Жерлестер қол қусырып қалмады, сол жақ қапталдан Шомко бірнеше рет белсенді ойнап, шабуылдарды бастап берді, бірақ, соңғы соққыны жасайтын футболшы табылмай жатты. Сүйтіп жүргенде қонақтар төртінші голды соғып кете жаздады, бағымызға орай доп маңдайшаға тиді. 

Қазақстан ұлттық құрамасының матч соңына қарай өткір шабуылдары да орын алып жатты. Бірінде Мұртазаевтың соққысын қақпашы тартып алса, келесі сәтте Шомкодан әдемі пас алған Қуат екі метр жерден қақпаға тура соққы жасай алмады. 

Осылайша, ойын 0:3 есебімен аяқталды. Александр Бородюк баптаған ұлттық құрама тағы да жеңілді. 

Айта кетейік, Е тобында Қазақстан 7 ойыннан соң 2 ұпаймен көш соңында келеді. 


Р/н Команда Ойын Жеңіс Тең Ұтылды Д/А Ұпай 
1 Польша 7 5 1 1 15-11 16 
2 Черногория 7 4 1 2 17-7 13 
3 Дания 7 4 1 2 14-6 13 
4 Румыния 7 2 3 2 8-7 9 
5 Армения 7 2 0 5 7-15 6 
6 Қазақстан 7 0 2 5 4-19 2 

Еске салайық, футбол тарихында Қазақстан мен Черногория осымен үшінші рет кездесіп отыр. Алғашқы екі ойын (3:0, 5:0) черногориялықтардың жеңісімен аяқталған еді, бұл жолыда солай болды. Үш кездесу қортындысы бойынша қазақстандықтар өз қақпаларына 11 гол өткізіп алған, қарсыластардың қақпасына бірде-бір гол сала алмады. 1-қыркүйек күні Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана Аренада» 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Черногория құрамасымен кездесті. Өткір сәттер мен әдемі мүмкіндіктерге толы болған матч қонақтардың пайдасына шешілді. Есеп 0:3. 

Александр Бородюк баптаған команда өз алаңында өтетін кездесуде «Құрбан айт» мерекесінде жанкүйерлерін қуантады деп сенген едік. Мүмкіндіктер болды, шеберлік жетіспеді. 

Отандастарымыз ысқырық шалынысымен қонақтарды қыспаққа алуды тырысты, алайда бірінші өткір сәт Давид Лория қорғаған қақпаның тұсында болды. 

Стандартты жағдайдан соң қалың футболшылардың арасынан Лория допты сыртқа шығарғандай болды, бірақ доп қызыл жейделі ойыншының аяғына дәл келіп ол соққы жасады, абырой болғанда Лория алып шықты.  

Бірнеше минуттан кейін қорғаныста қате пас орын алып, черногориялық 11-нөмірдегі шабуылшы оң жақ қапталдан қақпаға қарай жүгірді, оның соққысына Давид пен Елдос Ахметов тосқауыл болды. 

15-минутта Қазақстан шабуылға бет алды, сол жақ қапталдан Шомко әуелете пас жолдап, оң жақ қапталдан Серікжан Мужиков бірден соққы жасады, қорғаушыға тиген доп бұрыштамаға кетті. 

Азат Нұрғалиев бұрыштама добын орындап ашық қалған Елдос Ахметов баспен допты қақпаға бағыттады, өкінішке орай черногриялық қақпашы командасын құтқарып қалды. 

Ал, 30-минутта орталықтан допты тартып алған қонақтар 3-ке 6 болып шабуылға шықты. Жанға бататыны Стефан Йоветич бір ғана паспен барлық Қазақстан ұлттық құрамасының қорғанысын қылыштай қиып түсіріп, Марко Вешович қақпашымен бетпе бет шығып, гол соғып кетті. 

Есе қайтарудың жолын қарастырған Ғафуржан Сүйімбаев сол жақ қапталдан қарсыластардың алаңына пас шығарды, допқа бірінші жеткен вице-капитан Исламбек Қуат бәрінен биік секіріп баспен соқты, оның соққысы Даниель Петкович қорғаған қақпаның маңдайшасына тиіп кері серпілді. 

Өз кезегінде черногориялықтар қауіпті стандартты орындады, алыстан келген допты Лория шетке шығарды. 

Екінші таймда бас бапкердің кеңесін тыңдаған команда шабуылға шықты, стандартты жағдайдан келген допқа жас шабуылшы Роман Мұртазаев биік секіріп қақпаға жолдады, Петковичтің қолынан кеткен доп Абзал Бейсебековке жетті, оның орталыққа жіберген пасын қорғаушылар мен қақпашы қағып алды. 

Осыдан соң черногориялық Марко Янкович стандартты шебер орындап, Фатос Бечирай екінші голды салып кетті. Осы кезде «Сен салмасаң – саған салады» деген қағида амалсыз еске түседі. 

10 минуттан соң қазақстандықтар ойын ережесін қайта бұзды. Янкович қайтадан стандартты нүктеден пас жолдап, Марко Симич есепті 3:0-ге жеткізді. Сөзсіз, айып соққысын орындауда қарсыластардың шеберлігінің әлдеқайда басым екенін мойындау керек. 

Жерлестер қол қусырып қалмады, сол жақ қапталдан Шомко бірнеше рет белсенді ойнап, шабуылдарды бастап берді, бірақ, соңғы соққыны жасайтын футболшы табылмай жатты. Сүйтіп жүргенде қонақтар төртінші голды соғып кете жаздады, бағымызға орай доп маңдайшаға тиді. 

Қазақстан ұлттық құрамасының матч соңына қарай өткір шабуылдары да орын алып жатты. Бірінде Мұртазаевтың соққысын қақпашы тартып алса, келесі сәтте Шомкодан әдемі пас алған Қуат екі метр жерден қақпаға тура соққы жасай алмады. 

Осылайша, ойын 0:3 есебімен аяқталды. Александр Бородюк баптаған ұлттық құрама тағы да жеңілді. 

Айта кетейік, Е тобында Қазақстан 7 ойыннан соң 2 ұпаймен көш соңында келеді. 


Р/н Команда Ойын Жеңіс Тең Ұтылды Д/А Ұпай 
1 Польша 7 5 1 1 15-11 16 
2 Черногория 7 4 1 2 17-7 13 
3 Дания 7 4 1 2 14-6 13 
4 Румыния 7 2 3 2 8-7 9 
5 Армения 7 2 0 5 7-15 6 
6 Қазақстан 7 0 2 5 4-19 2 

Еске салайық, футбол тарихында Қазақстан мен Черногория осымен үшінші рет кездесіп отыр. Алғашқы екі ойын (3:0, 5:0) черногориялықтардың жеңісімен аяқталған еді, бұл жолыда солай болды. Үш кездесу қортындысы бойынша қазақстандықтар өз қақпаларына 11 гол өткізіп алған, қарсыластардың қақпасына бірде-бір гол сала алмады. 

пресс-служба ФК «Иртыш» admin

2.09.2017 в 04:00

Теги:
  • Таблицы
  • Встречи

  • Премьер-Лига


    КомандаИО
    1 Кайрат 27 62
    2 Астана 24 60
    3 Ордабасы 27 49
    4 Тобол 27 39
    5 Иртыш 27 37
    6 Шахтер 26 30
    7 Кайсар 26 29
    8 Тараз 27 29
    9 Акжайык 27 26
    10 Актобе 27 26
    11 Атырау

    27

    26
    12 Окжетпес 26 21

     



    Вторая Лига


    КомандаИО
    1 Атырау    
    2 Кайрат    
    3 Тобол    
    4 Иртыш    
    5 Жетысу    
    6 Ордабасы    
    7 Тараз    
    8 Шахтер    
    9 Актобе    
    10 Астана    
    11 Окжетпес    
    12 Кайсар    

    ФК Иртыш   ФК Акжайык
    XXVII тур
    0:1
    16 сентября

    ФК Тобол   ФК Иртыш
    XХVI тур
    1:2
    10 сентября

    ФК Тараз   ФК Иртыш

    ХXV тур

    1:1
    26 августа

    ФК Иртыш   ФК Кайсар
    XXIV тур
    0:0
    20 августа

    align="center" kff