Официальный сайт

Футбольного клуба «Иртыш»

БҰЛ ЖОЛЫ РУМЫНИЯ РЕНЖІТТІ

Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Румыниямен күш сынасты. Плоешти қаласында өткен ойында жерлестеріміз 3:1 есебімен жеңіліске ұшырады. 

Осыған дейін өткен айда ғана Польша (3:0) және Черногория (0:3) құрамаларынан ұтылған Александр Бородюктің командасы Ресейде өтетін Әлем Чемпионатынан түбегейлі үміт үзген болатын. Бұл жолғы қарсыластарымыз Румыния да байрақты бәсекеден құр қалды. 
Өз тобында көш соңында келе жатқан ұлттық құрама жолдама сыйламаса да, жеңіс сыйлайды деп сенді қалың көрермен. Олай болмай шықты. 

Бас бапкер құрамға аздаған өзгеріс енгізіп, бес қорғаушымен құрылған жүйеде қақпаны Давид Лорияға емес Стас Покатиловке тапсырды, ал, Исламбек Қуат капитан ретінде команданы бастап шығарды. 

Төрешінің ысқырығы шалынған сәттен қонақтар алаң иелерін қыспаққа алуға тырысты. 4-минутта Тағыберген айып соққысын дәл орындап, допты жермен қақпаға қарай жолдады, алайда Тэтэрушану оны қағып алды. 

Бұдан соң қарсыластар сес көрсете бастады. Сол жақ қапталдан желдей жылдамдығымен алға ұмтылған Кипчу әріптесі Андонеден пас алып өткір соққы жасады, абырой болғанда биік кетті. 

Іле-шала жүзеге асқан Кипчу, Грозав, Андоненің соққылары бағымызға орай қисық бағытталды. Бірақ, 33-минутта қожайындардың шабуылы нәтижесін берді. 

Командаластарынан допты алған Будеску қорғаныстағы Тағыберген, Бейсебеков, Ахметовтерден айласын асырып, сол жақ қапталдан бір өзі жүгіріп келіп есеп ашып кетті. 

Араға бес минут салып Румыния кезекті жорығын ұйымдастырды. Қорғаушыларымызға көмекке келген жас шабуылшымыз Роман Мұртазаев гол авторын аяқтан шалып тоқтатты. Сол үшін төреші он бір метрлік айып соққысын белгілеп, Будеску нүктеге келіп мүлт кетпеді. Осылайша, қарсыластар екі гол басымдылығымен алға шықты. 

Әрине қазақстандықтар да қарап қалмау үшін есеп айырмасын қысқарту мақсатында шабуылдар жасады. Бірақ, Дарабаев пен Бейсебековтың соққыларына дәлдік пен жылдамдық жетпей жатты. 

Екінші таймда румыниялықтардың бір-біріне берген пастары қазақстандықтардың барлық қорғанысын қайшымен кескендей туралап тастады. Оған дәлел Покатиловтың қақпасына оқтай жауған соққылар, тіпті кейбірінде қарсыластар аяғын көкке көтеріп әуеде серпіліп тұрып өнерлерін көрсетті. 

Соның бірінде 73-минутта ақ жейделі ұжымнан, нақтырақ айтсақ Дарабаевтан допты тартып алған алаң иелері қарымта шабуылға көшіп, екі паспен ғана қорғаныстың қамалын бұзып жіберді. Алыстан келген допты Кипчу тоқтатпастан Кешерюдің аяғына салып берді. Оңтайлы сәтін орынды пайдаланған ол үшінші голды салып қуанышын тойлады. 

Көңілге жұбаныш орнатқаны - Қазақстанның осы кездесуде құрғақ есеппен жеңілмегені. Тағыбергенді алмастырып ойынға тыңнан қосылған Бауыржан Тұрысбек әуеден келген допқа қарсыласымен таласа секіріп, гол соқты. 
Жерлестіріміз осыдан артық мергендік таныта алмады, қайта, қарсыластар есепті еселейтін өткір сәттер жасады, алайда, бас төрешінің ысқырығы 3:1 есебін тіркеді. 

Александр Бородюктің баптауымен Қазақстан алтыншы рет қатарынан жеңіліске душар болды. Ал, Румынияның су жаңа бапкері Космин Контра өзінің алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. 

9 ойында 2 ұпай жинап, 25 гол өткізіп алған біздің құрама ең соңғы орында тұр. 

Ұлттық құраманың келесі ойыны 8-қыркүйек күні Астанада өтеді. Қарсылас - Армения құрамасы. Олар 6 ұпаймен 5-інші орынға жайғасқан. 

Румыния — Қазақстан. 3:1 (2:0) 
Голдар: Будеску 33 (1:0), Будеску пенальтиден 38 (2:0), Кешерю 73 (3:0), Тұрысбек 82 (3:1) 
Ескертулер: Пинтилий 24, Кипчу 65, Бензар 71 — Қуат 10, Сүйімбаев 53, Малый 79 
Румыния: Тэтэрушану, Бензар, Ганя, Кирикеш, Кипчу, Пинтилий (Хобан 70), Андоне (Кешерю 66), Грозав, Будеску (Ионицэ 79), Марин, Григоре 
Қазақстан: Покатилов, Малый, Дмитренко, Қуат, Ахметов, Дарабаев, Тағыберген (Тұрысбек 65), Нұрғалиев (Хижниченко 46), Мұртазаев (Щеткин 58), Сүйімбаев, Бейсебеков 
Төрешілер: Сандро Шерер (Швейцария), Стефан Де Алмейда, Сладан Йосипович, Ален Бьери. 
5-қазан. Плоешти қаласы. «Илие Оанэ» стадионы. 

пресс-служба ФК «Иртыш» Admin

6.10.2017 в 11:14

Теги:

Премьер-Лига


Команда И О
1 Астана 33 79
2 Кайрат 33 78
3 Ордабасы 33 58
4 Иртыш 33 48
5 Тобол 33 47
6 Кайсар 33 42
7 Шахтер 33 40
8 Атырау 33 35
9 Актобе 33 33
10 Акжайык 33 30
11 Тараз

33

26
12 Окжетпес 33 24

 



Вторая Лига


Команда И О
1 Атырау    
2 Кайрат    
3 Тобол    
4 Иртыш    
5 Жетысу    
6 Ордабасы    
7 Тараз    
8 Шахтер    
9 Актобе    
10 Астана    
11 Окжетпес    
12 Кайсар    

ФК Иртыш   ФК Шахтер
XХXIII тур
1:0
5 ноября

ФК Окжетпес   ФК Иртыш
XXXII тур
1:2
12 октября

ФК Иртыш   ФК Актобе
ХXХI тур
1:1
21 октября

ФК Астана   ФК Иртыш
XХХ тур
2:1
15 октября

 


align="center"