Официальный сайт

Футбольного клуба «Иртыш»
erg po pfl kff

ІРІКТЕУДІҢ СОҢҒЫ ОЙЫНЫНДА ІРКІЛІП ҚАЛМАДЫҚ
ІРІКТЕУДІҢ СОҢҒЫ ОЙЫНЫНДА ІРКІЛІП ҚАЛМАДЫҚ

Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы Әлем Чемпионатының соңғы іріктеу ойынын Арменияға қарсы өткізді. Астана қаласында өткен тартысты кездесуде Александр Бородюктің командасы тең нәтижеге қол жеткізіп, матч 1:1 есебімен аяқталды. 

Осы жолы бас бапкер капитандық шенді «Ертістің» қақпашысы Давид Лорияға тапсырды. Өз кезегінде ұлттық құрама мен павлодарлық клубтың қақпашысы бірнеше рет шеберлік танытып, қарсыластардың жойқын соққыларына тамаша тойтарыс беріп отырды. 

Армения да, Қазақстан да Ресейде өтетін байрақты бәсекеге бару мүмкіндігінен айырылған. Сондықтан, соңғы ойында барынша жеңіске жетуге тырысты. 

Қалың көрерменді қуанту үшін алаң иелері бірден шабуылға көшті. Азат Нұрғалиевтен келген пастан соң Роман Мұртазаев баспен әдемі соққы жасады, бірақ, армениялық Арсен Бегларян оны қағып алды. 
Қарсыластар Маркос Пизеллидің маңдайшаның үстінен өткен соққымен жауап берді. 
Қарымта шабуылдарында қонақтар тамаша мүмкіндігін мүлт жіберді. Саргис Адамян мен Артем Симонянның сұрапыл соққыларын Лория кері қайтарып тастады. Давидтың ерлігі болмағанда есеп басқадай бола еді. 

Дегенмен, Армения діттеген мақсатына 26-минутта жетті. Тағы да қарымта шабуылда Пизелли пасымен қорғанысымызды қиып түсіріп Генрих Мхитарянға допты жеткізді. Қақпашымен бетпе-бет келген «Манчестер Юнайтедтың» ойыншысы мергендік танытты. 

Бірінші таймның соңында Пизелли есепті еселейтін сәтінде ұлттық құраманың капитаны командасын мүмкін болған голдан сақтап қалды. 

Үзілістен кейін Қазақстан үлкен жігер мен құштарлық танытты. Допқа көбірек иелік етіп, қонақтардың қорғанысын салқын терге салды. Ұрымтал сәттердің бірінде Мұртазаев әуеден келген допты қақпаға тура бағыттады, бірақ, Бегларян сауатты ойнады. 

62-минутта Сергей Хижниченко қарсыластардың алаңында допқа таласып, оны Мұртазаевке жеткізді. Сол жақ қапталдан алға ұмтылған ол келесі қапталға пас шығарды. Қорғаушымен таласқа түскен Бауыржан Тұрысбек гол салды. Таразы басына теңдік орнатқан Бауыржан екінші ойын қатарынан көзге түсті. 

Кездесу соңына дейін Армения уақыт созумен болды. Бар күшімен алға шыққан Қазақстан ең соңғы минуттарда жеңіліске ұшырауға шақ қалды. Лория әуеден келген допқа таласарда армениялық футболшы бос қақпаға соққы жасады, дер кезінде сызықтың үстінен Логвиненко допты баспен шығарып жіберді. 

Бас төрешінің шешуші ысқырығы 1:1 есебін тіркеді. 

Александр Бородюк Қазақстанның бас бапкері ретінде 7 матч өткізді. Осыған дейін 6 рет ұтылған ол бүгін алғашқы ұпайын қоржынға салды. 
Бірақ, Қазақстан Е тобында турнир кестесінің соңғы орынынан жоғары көтеріле алмады. 
Ұлттық құрама іріктеу кезеңіндегі 10 ойында 7 рет ұтылып, 3 рет қарсыластарымен тең түсті. 

Енді, келесі байрақты бәсекелерден үміт күтетін боламыз. 

Қазақстан – Армения – 1:1 (0:1) 
Голдар: Тұрысбек 61 – Мхитарян 26 
Ескерту: Мирошниченко 24, Байжанов 32, Муртазаев 89 - Симонян 68 
Қазақстан: Лория, Дмитренко, Ахметов, Тағыберген, Тұрысбек, Тұңғышбаев (Хижниченко 46), Нұрғалиев, Муртазаев, Байжанов (Дарабаев 75), Мирошниченко, Логвиненко. 
Армения: Бегларян, Микаэлян (Андонян 67), Ароян, Малокян (Оганесян 60), Пиззели (Корян 70), Григорян, Дагбашьян, Мхитарян, Амбарцумян, Симонян, Адамян. 
Төрешілер: Александру Тян, Андрей Бодян, Виктор Мардари, Аячеслав Манари (барлығы – Молдова). 
8-қазан. Астана, «Астана Арена» стадионы, 12 150 жанкүйер. 

пресс-служба ФК «Иртыш» admin

9.10.2017 в 12:39

Теги:
  • Таблицы
  • Встречи

  • Премьер-Лига


    КомандаИО
    1 Астана 29 73
    2 Кайрат 30 69
    3 Ордабасы 30 52
    4 Иртыш 30 41
    5 Тобол 30 40
    6 Шахтер 30 36
    7 Кайсар 30 35
    8 Атырау 30 32
    9 Актобе 30 29
    10 Акжайык 30 29
    11 Тараз

    30

    26
    12 Окжетпес 29 24

     



    Вторая Лига


    КомандаИО
    1 Атырау    
    2 Кайрат    
    3 Тобол    
    4 Иртыш    
    5 Жетысу    
    6 Ордабасы    
    7 Тараз    
    8 Шахтер    
    9 Актобе    
    10 Астана    
    11 Окжетпес    
    12 Кайсар    

    ФК Астана   ФК Иртыш
    XХХ тур
    2:1
    15 октября

     


    ФК Иртыш   ФК Кайрат
    XXIX тур
    1:1
    30 сентября

    ФК Ордабасы   ФК Иртыш
    XXVIII тур

    1:2

    24 сентября

    ФК Иртыш   ФК Акжайык
    XXVII тур
    0:1
    16 сентября

    align="center" kff