Официальный сайт

Футбольного клуба «Иртыш»
erg po pfl kff

«ПЕНТАКАМПЕОНДАРДЫҢ» ТАРИХИ ЖЕКПЕ – ЖЕГІ
«ПЕНТАКАМПЕОНДАРДЫҢ» ТАРИХИ ЖЕКПЕ – ЖЕГІ

Премьер-Лиганың 31-турында павлодарлық «Ертіс» Орталық стадионда «Ақтөбе» командасын қабылдады. Қазақстанның бес дүркін чемпиондарының тартысында 1:1 есебі тіркелді. Осы «шайқаста» бәрі болды, жігер, намыс, күрес, эмоция, жарақат, тіпті, футболшы қақпаға тұрды. Сонымен, ойынға тоқталайық... 

5-3-2 жүйесін құрған алаң иелері төрешінің ысқырығы шалынысымен бірден допқа иелік етуді бастады. Матч қонақтар үшін сәтсіз басталды деуге болады, себебі, павлодарлықтардың шабуылы кезінде 15-інші минутта Слобадан Симович жарақат алды. Сондықтан Владимир Муханов қорғаушыны алмастыруға мәжбүр болып, Бағдат Қайыров ойынға қосылды. 

22-минутта португалдық жартылай қорғаушы Карлос Фонсека оң жақ қапталдан қарсыластардың айып алаңына еніп, үш футболшының арасынан соққы жасады. Алайда, Сидельников сенімді ойнады. 

Бұдан кейін әуеден келген допты Фонсека кеудесімен әріптестеріне жіберді, жылдам жеткен Антонио Родриго қақпадан сәл қисық тепті. Естеріңізде болса, «Астанаға» қарсы ойында Карлос дәл осылай кеудесімен Родригоға пас беріп, бразилиялық футболшы гол соққан еді. 

Көп ұзамай қонақтар да өткір шабуылын ұйымдастырып, Джозев Нейн алыстан соққы бағыттап, қақпаның маңдайшасына тиді. Кері серпілген допты Шимкович қайта тепті, бағымыға орай, оның соққысына дәлдік жетіспеді. 

Сондай-ақ, Аслан Дарабаев, Александр Кислицин мен Стефан Живковичтің қарсыластар қақпасына бағыттаған соққыларында дәлдік болмай жатты. 
Бірінші таймның соңына дейінгі уақытты қос ұжым алма-кезек шабауылдарын ұйымдастырумен өткізді. Бірақ, есеп ашылмады. 

Екінші таймда Вячеслав Грозный қорғаушы Стефан Живковичтің орнына Павел Шабалинді шығарды. 
Қос командаға да ұпай аса қажет еді, сондықтан қарсыластар қорғаныста сақ қимылдап, бір-бірінің қателігін күтіп бақты. 

Өкінішке орай, 60-минутта «Ертістің» үздік сұрмергені Аслан Дарабаев жарақат алып, Грозныйдың Асланды ауыстырудан басқа амалы болмады. Оның орнына жасыл алаңға шабуылшы Игорь Бугаев шықты. Араға бес минут салып Пірәлі Әлиевтың орнына Дамир Дәуітов өнер көрсетті. 

Уақыт өте келе «Ақтөбе» де қарқын қоса бастады. Соның дәлелі Томаш Шимковичтың орталықтан бағыттаған соққысы. Доп қақпаға тура ұшқанда Давид Лорияның командасын құтқарып қалуы екіталай еді, алайда, Томаш қисық тепті. 

Осыдан кейін Ұлттық құраманың қақпашысы бірнеше рет ойынға араласып, қарсыластардың шабуылына тойтарыс беріп отырды. 
71-минутта ақтөбеліктердің кезекті шабуылы кезінде Давид Лория допқа секірген сәтінде сәтсіз құлап түсті. Бірден қызуқанды футболшылар арасында өзара келіспеушіліктер орын алып, бір топ ойыншының арасына ақ-қараны айыру үшін төрешілер араша түсті. 

Жарақат алған Лория кездесуді жалғастыра алмады. Ал, «Ертістің» барлық ойыншыларының ауысымы пайдаланып кеткен еді. 
Сондықтан, қорғаушы Руслан Есімов Давидтің жейдесі мен қақпашы ретінде қолғапты киді. Павлодарлықтар он ойыншымен ғана қалды! 

Орталық стадионға жиналған көрермендер сүйікті командасына қолдауын аямады. «Ертіс» болса шабуылына үдете түсті. Алдыңғы шепте Карлос Фонсека, Павел Шабалиндердің қимылдары қарсыластардың қорғанысына үрей салды. 
84-минутта алаң иелері айып соққысын орындады, бірақ, ақтөбелік қақпашы допты бұғаттап алды. 

«Ертістің» қақпасын қорғаған Руслан Есімов тіпті біздің команданы голдан құтқарып қалды. «Ақтөбе» бұрыштама добын орындағанда Есімов допты қағып жіберді, алайда, қарсыластардың футболшысы Русланмен бетпе-бетте кездесіп қалды. №25 футболшы үлкен шеберлігін танытып, гол соғуға мүмкіндік бермеді. 

Араға екі минут салып Карлос Фонсека ақтөбелік қақпашымен бірге-бір шықты. Гол соғады деп сенген жанкүйерлердің сенімі ақталмады, себебі, португалдық ойыншы керемет сәтті пайдалана алмады. 

Лориясыз қалған «Ертіске» гол салу үшін Кәкімов алыстан соққы жасады, бірақ, Руслан Есімов тағы да допты қағып алып, қақпасын тамаша қорғады. 

Бас төреші негізгі уақыт аяқталған соң 8 минут уақыт қосты. 
92-минутта «Ақтөбе» кезекті бұрыштамасын орындады. Қорғаныс тастай берік тұрды. 
Іле-шала тағы бір шабуыл жасалып, №50 жейделі ақтөбелік футболшы жермен соққы бағыттады, Руслан Есімов құлай жатып допты қайтарып жіберді. Кері серпілген ала доп Томаш Шимковичтың аяғына дәл түсіп, ол гол соқты. 

Ал, 97-минутта тарихи ойынның ұмытылмас кезеңі болды десек артық айтпаспыз. Павлодарлықтар соңғы сәтте шабуылға шықты. Антонио Родриго сол жақ қапталдан әуелете пас берді. Қарсыластарынан биік секірген орта бойлы Фонсека баспен соққы жасап, таразы басына теңдік орнатты. Гол! 1:1. 

Қалған уақытта есеп өзгермеді. «Пентакампеондардың шайқасында» жеңімпаз анықталмады. Есесіне, бұл кездесуді тарихта қалады деуге негіз бар. Сөзсіз, Руслан матч қаһарманы! Жарақат алған үздіктеріміз, Ұлттық құраманың қос ойыншысы Аслан Дарабаев пен Давид Лорияға денсаулық тілейміз. 

Біздің команда қазіргі уақытта 42 ұпай еншіледі. 31- турдың қалған ойындары 22-қазанда өтеді. 
Ал, Вячеслав Грозныйдың ұжымы келесі кездесуін 28-қазан күні сырт алаңда көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы өткізеді. 

пресс-служба ФК «Иртыш» Admin

22.10.2017 в 10:30

Теги:
  • Таблицы
  • Встречи

  • Премьер-Лига


    КомандаИО
    1 Астана 33 79
    2 Кайрат 33 78
    3 Ордабасы 33 58
    4 Иртыш 33 48
    5 Тобол 33 47
    6 Кайсар 33 42
    7 Шахтер 33 40
    8 Атырау 33 35
    9 Актобе 33 33
    10 Акжайык 33 30
    11 Тараз

    33

    26
    12 Окжетпес 33 24

     



    Вторая Лига


    КомандаИО
    1 Атырау    
    2 Кайрат    
    3 Тобол    
    4 Иртыш    
    5 Жетысу    
    6 Ордабасы    
    7 Тараз    
    8 Шахтер    
    9 Актобе    
    10 Астана    
    11 Окжетпес    
    12 Кайсар    

    ФК Иртыш   ФК Шахтер
    XХXIII тур
    1:0
    5 ноября

    ФК Окжетпес   ФК Иртыш
    XXXII тур
    1:2
    12 октября

    ФК Иртыш   ФК Актобе
    ХXХI тур
    1:1
    21 октября

    ФК Астана   ФК Иртыш
    XХХ тур
    2:1
    15 октября

     


    align="center" kff