Официальный сайт

Футбольного клуба «Иртыш»

«ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ ІРІКТЕУІНЕ БІР ҚАДАМ ҚАЛДЫ»

Павлодарлық «Ертіс» Премьер-Лиганың 32-турында сырт алаңда көкшетаулық «Оқжетпеспен» күш сынасып, 1:2 есебімен жеңіске жетті. 

Бұл жолы «пентакампеондардың» бас бапкері Вячеслав Грозный негізгі құрамға бірнеше өзгеріс енгізді. Өздеріңізге белгілі, соңғы ойында Давид Лория жарақат алған болатын, сол себепті, сенбілік кездесуде Никита Калмыков қақпаға тұрды. 

Ал, капитан ретінде қорғаушы Александр Кислицин таңдалды. Сонымен қатар, капитанмен бірге қорғаныста Милош Стаменкович, Дамир Дәуітов пен 31-інші турдың қаһарманы Руслан Есімов өнер көрсетті. Негізгі құрамнан орынын босатпайтын Стефан Живкович қосалқы орындықта қалды. 

Жартылай қорғанысқа Аслан Дарабаев, Антонио Родриго мен Карлос Фонсека жауаптанып, Владислав Огиря орталықтың бойымен төмен түсті. Шабуыл шебіне Исмаель Фофана мен Игорь Бугаев шықты. 

Төрешінің ысқырығы шалынған кезден-ақ алға ұмтылған павлодарлықтар 5-інші минутта есеп ашып үлгерді. Оң жақ қапталдан қарсыластардың айып алаңында сойқан салған Фонсека төрт футболшыны алдап өтіп, әріптесіне пас шығарды. Бразилиялық Антонио Родриго әдемі соққысымен допты қақпаға бағыттап, мергендік танытты. 

Бұдан кейін көп ұзамай Аслан Дарабаев алыстан зеңбірегін оқтады, бірнеше минуттан соң айып алаңынан тағы бір соққы жасады. Қос жағдайда «Оқжетпестің» қақпашысы тойтарыс берді. 

Ал, 12-інші минутта бұрыштаманы Фонсека орындады. Әуедегі допқа бірінші жеткен Руслан Есімов командаластарына пас жолдады, дер кезінде қақпаның алдынан табылған Милош Стаменкович «Ертістің» екінші голын салды. 

Көкшетаулықтар кездесудің бұлай басталарын күтпегені анық, сондықтан олар голдың есесін қайтару үшін шабуылға ұмтыла кетті. 15-інші минутта қарсыластар айып соққысын орындады, ұшқан допты қолына ұстай алмай қағып жіберген Никитиа Калмыков допты Әлібек Бөлешевке беріп қойды, ол қақпаның сол жақ тұсынан соққы жасап, маңдайшаға тигізді. 

Содан кейін Бөлешев тағы да алыстан соққы бағыттады, тағы да Калмыков допты ұстай алмай, алдына тастай салды. Бағымызға орай Руслан Есімов қауіптің бетін кері қайтаруға септігін тигізді. 

26-ыншы минутта сол жақ қапталдан енген Александр Козлов Тимур Досмағамбетовке пас берді. Тимудың алыстан жасалған жылдам соққысы голға айналып, «Оқжетпес» есеп айырмасын қысқартты. 

Жалпы, бірінші тайм барысында Исмаель Фофана екі мүмкіндікке ие болып, жүзеге асыра алмады. Қарсыластар өткір шабуылдарды ұйымдастырды, соның бірінде капитанымыз Кислицин мен Калмыков бір допқа қатар таласып, қақпаның алдында «өрт» туындата жаздады. 

Үзілістен соң алаң иелері аздаған басымдылыққа ие бола бастағанын айта кету керек. Жауған оқтай бір-біріне ұласа жасалған шабуылдар «Ертістің» кей сәтте қорғаныста қалып қоюына дейін жеткізді. 

Мәселен, 60-ыншы минутта Игорь Юрин бұрыштама добын айналдыра орындап, Калмыков допты қақпаның бағанасына соғып қана қайтара алды. Абырой болғанда, қорғаушылар голдың алдын алып қалды. Бірақ, Козловтың пасына бірінші жеткен Талғат Әдірбеков жермен қатты соққы жасады. Қақпашымыз Никита, тәжірибесінің аздығынан болар, ұшқан допты құшағына қысып, ауынан өткізіп барып қана ұстай алды. 

Павлодарлықтар Родриго, Дарабаевтың тура соққыларымен ғана ерекшелене алды. 

Көкшетаулықтар 82-інші минутта айып соққысын қауіпті орындап, Козлов допты әуелете әріптестеріне жеткізді. Бағымызға орай, «Оқжетпестің» капитаны Әлібек Бөлешев аяғындағы допты айналдырып, тебе алмады. 

Кездесудің ең соңғы минуттарында қарымта шабуылға жылдам шыққан Антонио Родриго бір қорғаушымен және қақпашының алдында жүгіріп жетіп, Карлос Фонсеканың аяғына допты салып берді. Өкінішке орай, португалдық легионердің соққысына дәлдік жетіспеді. Ол өзінің мүмкіндігін пайдаланғанда, үшінші голды атап өтетін едік. 

Бірақ, бас төрешінің ақтық ысқырығы 1:2 есебін тіркеді. Бұл жеңістен кейін «Ертіс» 45 ұпаймен төртінші орынға жайғасты. Айта кетейік, ізімізден еріп келе жатқан қостанайлық «Тобыл» мен қарағандылық «Шахтер» тең тарқасыпты, соның арқасында павлодарлықтар Еуропа Лигасының іріктеуіне жолдама беретін орынға табан тіреді. 

Премьер-Лиганың ең соңғы ойыны 5-қараша күні Орталық стадионда «Шахтермен» өтеді. Егер, қарағандылықтарды жеңсек, алдағы маусымда байрақты бәсекеде бақ сынайтын мүмкіндікке ие боламыз. 

Бір ұпайға кем жинап, бесінші орында тұрған «Тобыл» өз алаңында «Атыраумен» шайқасады. Биылғы чемпионаттағы төртінші орынның тағдыры осы матчтардан кейін шешілетіні анық. 

Жанкүйерлер Вячеслав Грозныйдан үмітті. Грозный командасына сенім артып отыр. Ендеше, 5-қараша күні Орталық стадионда өтетін биылғы жылдың ең соңғы ойынында сүйікті командамызға қолдау көрсетейік. 

Көкшетаулықтар мен павлодарлықтардың арасындағы тартыстың хаттамасы келесідей: 
Оқжетпес - Ертіс 1:2 (1:2) 
Голдар: Родриго Антонио До Нассименто 5 (0:1) , Стаменкович Милош 12 (0:2) , Досмағамбетов Тимур 27 (1:2) . 
Ескертулер: Юрин Игорь 67. 

Оқжетпес: Голубничий Михаил, Козлов Александр (Гогуа Гогита 69), Хорват Лукас Марио, Гошкодеря Виталий, Федин Максим (Куксин Антон 46), Юрин Игорь, Досмағамбетов Тимур, Әдірбеков Талғат, Волков Виталий (Недашковский Олег 46.), Бөлешев Әлібек (к), Абдулин Ренат. 
Қосалқы құрам: Абжанов Руслан, Матвеев Матвей, Дайыров Нұрлан, Цой Данил, Кейлер Сергей, Шафф Сергей. 

Ертіс: Калмыков Никита, Фонсека Да Касто Фернандес Карлос Мануэл (Маслач Марио 90+1), Бугаев Игорь (Шабалин Павел 81), Родриго Антонио До Нассименто, Огиря Владислав, Стаменкович Милош, Фофана Беко Исмаел, Дәуітов Дамир, Кислицын Александр (к), Есімов Руслан, Дарабаев Аслан (Калинин Илья 74). 
Қосалқы құрам: Цирин Антон, Қапанов Серікбол, Живкович Стефан, Тулиев Мирас. 

Төрешілер: Георгий Чеховский, Елеш Құсайынов (екеуі де Астана), Төребек Жақсылық (Қызылорда). Қосалқы судья: Антон Кучма (Көкшетау). 
28-қазан, 2017, 15:00. Көкшетау қаласы, «Оқжетпес» стадионы. 2000 көрермен. 

 

 

 

пресс-служба ФК «Иртыш» admin

28.10.2017 в 18:25

Теги:

Премьер-Лига


Команда И О
1 Астана 32 76
2 Кайрат 32 75
3 Ордабасы 32 55
4 Иртыш 32 45
5 Тобол 32 44
6 Шахтер 32 40
7 Кайсар 32 39
8 Атырау 32 35
9 Актобе 32 33
10 Акжайык 32 30
11 Тараз

32

26
12 Окжетпес 32 24

 



Вторая Лига


Команда И О
1 Атырау    
2 Кайрат    
3 Тобол    
4 Иртыш    
5 Жетысу    
6 Ордабасы    
7 Тараз    
8 Шахтер    
9 Актобе    
10 Астана    
11 Окжетпес    
12 Кайсар    

ФК Окжетпес   ФК Иртыш
XXXII тур
1:2
12 октября

ФК Иртыш   ФК Актобе
ХXХI тур
1:1
21 октября

ФК Астана   ФК Иртыш
XХХ тур
2:1
15 октября

 


ФК Иртыш   ФК Кайрат
XXIX тур
1:1
30 сентября

align="center"