Официальный сайт

Футбольного клуба «Иртыш»

ВЯЧЕСЛАВ ГРОЗНЫЙ: «МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІК»

Павлодарлық «Ертістің» бас бапкері Вячеслав Грозный Премьер-Лиганың кезекті туры аясында сырт алаңда көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы өткен матч жайлы пікірін айтты. Бұл тартыста оның командасы 1:2 есебімен жеңіске жетті. 

- Әлі де эмоциядамын. Өкінішке орай, біз соңғы уақытта лайық болсақ та, жиі жеңіп жүрген жоқпыз. «Қайратты» да, бір ойыншыға кем ойнасақ та «Ақтөбені» де жеңетін мүмкіндік болып еді. Бірақ, біз көп гол да салмаймыз. Бүгін де солай болды. Допқа иелік етіп, кездесуді жақсы бастадық. Ойынға дейін келіскеніміздей, жылдам шешім қабылдап, тапсырмаларды дұрыс орындап жаттық. Меніңше, содан кейін біз өзімізге еркіндік беріп, босаңсып қалдық. Үшінші голды міндетті түрде салу керек еді. Матч бойы белсенділік танытқан Досмағанбетовтен гол өткізіп алдық, командаға ол жайлы ескерткен болатынмын. Жігіттер аздап дүрлігуге салынды. Есепті еселейтін мүмкіндіктеріміз болды, бірақ «Оқжетпестің» қақпашысы шебер өнер көрсетті. Ал, кейде, пастарымыз дұрыс жетпей жатты. 

Екінші таймда мүлдем басқа футбол басталды. Бапкер ретінде, мен бұған түсіністікпен қараймын. Мұндағы алаң жұмсақтау, Павлодарда қатты алаң төсенішіне үйреніп қалған сияқтымыз, сондықтан ауыр тиді. Бірінші таймда күшіміз көп сарқылып, басымдылық алаң иелеріне көшті. Досмағанбетов пен Козлов ойнаған алаңда жеңіле бердік, сол себепті ойын жүйесіне өзгеріс енгіздік, бізге қапталдарды жабу керек болды. Ол үшін Огиряны сол жақ қорғаушы етіп, Родриго мен Дарабаевты тіреуші зонаға түсірдім. Өз кезегінде Кислицин Есімовтің сақтығына жауаптанды. Дегенмен, Козлов пен Досмағанбетов айласын асырып, өткір шабуылдарға бастау болды. Артынша, орталықта доптан айырыла бастадық. Қарсылас ауқымды күшпен шабуылға ұмтылды, мұны да ескеру қажет. Қарымта шабуылдарды міндетті түрде ұйымдастыру керек, кей тұстарда шарықтау шегіне жеткезі алмадық. Родриго мен Фонсека екіге бір шыққанда гол соғу керек еді. Соңғы соққыны жасауда әлсізбіз. Үшінші голды салғанда кездесуді саспай аяқтауға болар еді. Ақтық ысқырық шалынар алдында мен жоғарғы қабатта ұтылмау үшін Маслачты шығардым. 

Алаң иелері маған ұнады, жақсы команда. Олардың соңғы 8-10 ойынын көрдім. Есепке қарамау керек. Астаналықтармен болған шайқаста «Оқжетпес» тартысты матч өткізді. Барлық футболшылар техникалық тұрғыда жоғары әрі жылдам. Қарсыластардың әр стандарты қауіпті, өте қиын болды. Біз бүгін маңызды жеңіске қол жеткіздік. 

Мұнда өте жақсы жанкүйерлер жиналған, өз алаңындағы соңғы кездесу болғандықтан қолдау беруге келді. Бұл үлкен құрметке лайық. «Оқжетпеске» сәттілік тілеймін, дами беріңіздер. Мұндай мықты команда Премьер-Лигада өнер көрсету керек деп есептеймін. Келесі маусымда «Оқжетпеспен» Премьер-Лигада кездесеміз деген үміттемін. 

«Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметі

пресс-служба ФК «Иртыш» admin

28.10.2017 в 19:00

Теги:

Премьер-Лига


Команда И О
1 Астана 32 76
2 Кайрат 32 75
3 Ордабасы 32 55
4 Иртыш 32 45
5 Тобол 32 44
6 Шахтер 32 40
7 Кайсар 32 39
8 Атырау 32 35
9 Актобе 32 33
10 Акжайык 32 30
11 Тараз

32

26
12 Окжетпес 32 24

 



Вторая Лига


Команда И О
1 Атырау    
2 Кайрат    
3 Тобол    
4 Иртыш    
5 Жетысу    
6 Ордабасы    
7 Тараз    
8 Шахтер    
9 Актобе    
10 Астана    
11 Окжетпес    
12 Кайсар    

ФК Окжетпес   ФК Иртыш
XXXII тур
1:2
12 октября

ФК Иртыш   ФК Актобе
ХXХI тур
1:1
21 октября

ФК Астана   ФК Иртыш
XХХ тур
2:1
15 октября

 


ФК Иртыш   ФК Кайрат
XXIX тур
1:1
30 сентября

align="center"