Официальный сайт

Футбольного клуба «Иртыш»

ВЯЧЕСЛАВ ГРОЗЫЙ: «БІЗ ЖАНКҮЙЕРЛЕР ҮШІН ОЙНАДЫҚ»

Павлодарлық «Ертістің» бас бапкері Вячеслав Грозный Премьер-Лиганың 33-інші турында қарағандылық «Шахтерге» қарсы өткен матч жайлы пікірін айтты. Бұл кездесуде оның командасы 1:0 есебімен жеңді. 

- Барлығын, облыс әкімін, клуб басшылығын, команданы, штабты, журналистерді, ең алдыңы кезекте жанкүйерлерді құттықтаймын. Біз олар үшін ойнаймыз. Бұл павлодарлық футболдың, шын жанкүйер болғандардың үлкен жетістігі. Біз бірнеше ай бойы осында қызмет етіп келеміз, осы уақыт аралығында адами жоғары құндылықтарымызбен бір-бірімізге жақын бауыр басып қалдық. Бұрыннан бері жұмыс істеп жүрген секілдіміз. 
Соңғы соғылған гол барлық матч барысында уайымдаған халықтың эмоциясының көрсеткіші. Құдай біздің шыдамымыз бен жігерімізді сынады. Ең өткір кезде сәттіліктің беті бері қарады. 

Бүгін бәріне үлкен алғыс айтамын. Біз маусымдағы тапсырманы орындадық. Команда Еуропа Лигасының іріктеу турына жолдама алды. 

Үшінші айналым қиынға соқты, жақсы да, ауыр да ойындар болды. 
Бүгін бірінші таймда желге қарсы ойнадық, қиын болғаны рас. Екінші таймда тактикалық ойыншылар ауысымын жасадық. Жоғарыдағы доптарды тартып алатын Бугаев өз міндетін орындап, орталықты күшейту үшін Дарабаев қосылды. Өкінішке орай, ине салса да, тәуір ойнаған Родриго әлсіреп, Калинин келіп ширақтық қосты. Кейін Әлиев жарақаты бар екенін айтып, ауысым сұрады. Естеріңізде болса, «Ордабасыға» қарсы Фофана сол аяғымен екі гол салды, бүгін ол бірге-бір шыққанда аяғын ыңғайлы қоя алмай, мүмкіндігін жіберіп алды. Олай болмағанда, мәселені ертерек шешетін едік. Әйтпесе, «сен ұр, мен ұрам» деп тартысуды біз де қаламадық. Соңына дейін күресіп, лайықты мараптты иелендік. Бүгін әдемі ойын емес, нәтиже керек болды. Құдайға шүкір, нәтиже бар. Демалысқа жақсы көңіл күймен барамыз. Бәріңізге рахмет. 

пресс-служба ФК «Иртыш» Admin

5.11.2017 в 18:59

Теги:

Премьер-Лига


Команда И О
1 Астана 33 79
2 Кайрат 33 78
3 Ордабасы 33 58
4 Иртыш 33 48
5 Тобол 33 47
6 Кайсар 33 42
7 Шахтер 33 40
8 Атырау 33 35
9 Актобе 33 33
10 Акжайык 33 30
11 Тараз

33

26
12 Окжетпес 33 24

 



Вторая Лига


Команда И О
1 Атырау    
2 Кайрат    
3 Тобол    
4 Иртыш    
5 Жетысу    
6 Ордабасы    
7 Тараз    
8 Шахтер    
9 Актобе    
10 Астана    
11 Окжетпес    
12 Кайсар    

ФК Иртыш   ФК Шахтер
XХXIII тур
1:0
5 ноября

ФК Окжетпес   ФК Иртыш
XXXII тур
1:2
12 октября

ФК Иртыш   ФК Актобе
ХXХI тур
1:1
21 октября

ФК Астана   ФК Иртыш
XХХ тур
2:1
15 октября

 


align="center"