Официальный сайт

Футбольного клуба «Иртыш»

«ЕРТIC» МАРКЕТОЛОГЫ ҚКФЛ СЕМИНАРЫ ЖАЙЛЫ

Жуырда Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы еліміздің футбол клубтарының маркетологтарына арналған алғашқы семинар өткізді. 
Бұл жиынға қатысқан «Ертіс» ФК-ның маркетологы Сейітбек Сембаев өз ойымен бөлісті. 

Осындай ауқымды жұмыс атқарған ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Барлық қазақстандық клубтар, соның ішінде біз мол тәжірибе жинап қайттық. Меніңше, мұндай семинарлар жылына екі рет өту керек, әуелі алдағы жылға жоспар, екіншісі қортынды түрінде. Жақсы қалыптасқан жүйе болар еді деп есептеймін. Бұл жолғы семинар барысында 2018 жылға арналған коммерциялық регламентке қатысты көптеген мәселелерді қарастырдық. Бір шешімге келдік, бұл қазақстандық футбол маркетингіне зор пайдасын тигізеді деген ойдамын. 

Мәскеуден арнайы өкілдер келді, оларға сұрақтар қоя отырып, көптеген маңызды да қызықты дүниелерді білдік. Мұндай жиындарды өткізу дұрыс, келешекте әр түрлі мемлекеттерден әріптестерімізді де шақыруға болады. 

Семинар екі күнге созылды, бірінші күні коммерциялық регламенттерді қарастырдық. Екінші күні ҚКФЛ тапсырмаларын орындап, «Стадионға келушілерді тартудың бес қадамы» тақырыбында презентация қорғадық. Әр клуб өз нұсқаларын ұсынды, отырыс танымға толы болды. 

Бір сөзбен айтқанда, қос күндік семинар барысында тәжірибе алмасу мен шеберлік сабақтары өтіп, стадиондардың ыңғайлылығы жайлы сөз қозғалып, кәсіпкерлерді тарту мәселесі қарастырылды. 

Ал, үшінші күні «Қайрат» ФК базасына бардық, оларда заманауи база бар, әрі мүмкіндіктері де көп. Меніңше, әр клуб осындай деңгейге көтерілуге талпыну керек. Сонымен қатар Қазақстан – Дания ойынын тамашаладық. Ұйымдастыру жағын өз көзімізбен көріп, тәжірибе жинақтап қалдық. 

пресс-служба ФК «Иртыш» admin

14.06.2017 в 03:49

Теги:

Премьер-Лига


Команда И О
1 Астана 20 48
2 Кайрат 20 43
3 Ордабасы 20 38
4 Иртыш 20 31
5 Тобол 18 28
6 Кайсар 19 20
7 Тараз 19 20
8 Шахтер 19 18
9 Окжетпес 18 18
10 Атырау 18 17
11 Актобе

18

15
12 Акжайык 18 15

 



Вторая Лига


Команда И О
1 Атырау    
2 Кайрат    
3 Тобол    
4 Иртыш    
5 Жетысу    
6 Ордабасы    
7 Тараз    
8 Шахтер    
9 Актобе    
10 Астана    
11 Окжетпес    
12 Кайсар    

ФК Тобол   ФК Иртыш
XIХ тур
0:1
10 июля

ФК Иртыш   ФК Кайсар
XVII тур
1:0
24 июня

ФК Тараз   ФК Иртыш

ХVI тур

2:0
18 июня

ФК Окжетпес   ФК Иртыш
XV тур
0:0
3 июня

align="center"