РЕСМИ: ПАТРИК ХИДИ «ERTIS» ФК ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ.
Павлодарлық «Ertis» футбол клубы венгриялық жартылай қорғаушы Патрик Хидимен еңбек келісімі жасалғандығы жайлы хабарлайды.
28-жасар футболшы кәсіби мансабын өз елінде бастаған еді. Бойы — 186 см, салмағы 78 кг. Мамандардың айтуынша Хидидың допты тартып алу және жылдам шабуыл бастау көрсеткіштері аса жоғары.
Патрик көп уақыт бойы венгриялық «Гонвед» клубының намысын қорғап, команда капитаны болған. Бұдан бөлек, испаниялық «Реал Овьедо» сапында да өнер көрсеткен.
Айту керек, Патрик Хидиге еліміздегі алдыңғы қатарлы бірнше клуб өз ұсыныстарын жасаған еді, алайда футболшы павлодарлық клубты таңдап, келісім-шарт жасасты.
Жеңісті ойындарың көп болсын! «Ertis» сапына қош келдің, Патрик!