Жаңалықтар
РЕСМИ: МИЛАН МИРОСЛАВЛЕВ «ERTIS» ФК ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ
Павлодарлық «Ertis» футбол клубы Сербия елінің шабуылшысымен ресми түрде келісім-шарт жасасқандығы жайлы хабарлайды.
23-жасар Милан Мирославлев кәсіби мансабын өз туған жерінде, «Хайдук Кула» футбол клубында бастаған еді. Соңғы екі маусымда Нови-Сад қаласындағы «Пролетер» ФК намысын қорғаған. Аталмыш ұжым Сербияның Суперлигасында өнер көрсетеді. Өткен маусымда жас ойыншы өзінің сұрмергендік қасиеттерімен ерекшеленіп, 16 гол соққан еді.
Сонымен қатар Мирославлев сербияның«Долина», «Войводина» және черногориялық «Будучност» командаларында өнер көрсеткен.
Пентакампеондар құрамасына қош келдің, Милан! Команда сапындағы нәтижелі соққыларың көп болғай!