«Атырауға» қарсы ойында біздің командамызға қолдау көрсетейік!

Құрметті павлодарлықтар және біздің командамыздың жанашырлары! Сырт алаңда өтетін матчта командамызға қолдау көрсетейік. 

«Ertis» футбол клубы 15 наурыз күні Астана қаласында «Астана Арена» стадионында өтетін «Атырау» — «Ertis» матчына жанкүйерлердің жол сапарын ұйымдастырады. Клуб тарапынан автобус ұсынылады. Ойын басталуы сағат 15:00.

Автобустағы орындар саны шектеулі, сол себепті ертерек қамданыңыздар дейміз. 15 наурыз күні «Юность» манежінің алдында, таңғы сағат 05:30-да жиналамыз (әрбір жанкүйерде клуб атрибутикасының болуы міндет). Алдын-ала жазыламын деушілерге, келесі нөмір бойынша хабараласуға болады:  +77012224824. 

Бұдан бөлек, елорда Астанада тұрып жатқан павлодарлықтарды, жерлес студенттерімізді де матчқа шақырамыз!

Ойынға КІРУ ТЕГІН!

«Астана Аренаға» келіп  «ERTIS» футбол клубына қолдау көрсетіңіздер!

Бір толқын арнасында тоғысайық! Алға «ERTIS»!