РУСТАМ ОМАРОВ «АТЫРАУ» МЕН «ERTIS» АРАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУГЕ ТӨРЕЛІК ЕТЕДІ.

Төрелік ету және қадағалау департаменті Премьер-Лига ойындарының 2-ші турында қызмет ететін арбитрларды анықтады. 

«Атырау» және «Ertis» арасындағы ойынға алматылық Рустам Омаров бастаған төрешілер бригадасы қазылық етеді. Омаровқа Дмитрий Филоненко (Тараз) және Әлібек Аубакиров (Астана) көмектеседі. Матчқа қосымша арбитрлар Денис Тевяшов (Орал) пен Георгий Чеховский (Астана) шақырылды.

Қосалқы төреші: Рустем Матякубов (Астана) 
Инспектор: Александр Борисов (Семей) 

Еске сала кетейік, 15 наурыз күні біздің команда Астана қаласында «Атырау» ФК кездеседі. Матч басталуы сағат 15:00.