Жаңалықтар
Ресми: Момоду Сисей «Еrtis» сапынан кетті
Павлодарлық «Еrtis» футбол клубы және гамбиялық шабуылшы Момоду Сисей арасындағы еңбек келісімі тоқтатылды. Екі тарап дәл осындай, өзара келісілген, шешімге келді.
Естеріңізге салайық, форвард біздің команда сапына маусым басында қосылған еді.
Футболшы клуб қызметкерлері мен жанкүйерлерге алғыс білдірді. Біз өз кезегімізде, Момоға рахмет айтып, сәттілік тілеміз!