РЕСМИ: СТАМЕНКОВИЧ — «ERTIS» ФК ОЙЫНШЫСЫ
«Ertis» жанкүйерлеріне жақсы таныс сербиялық қорғаушы Милош Стаменкович қайтадан павлодарлық клубтың намысын қорғайтын болады. Бүгін футболшымен еңбек келісімі жасалып, сәйкес құжатқа қол қойылды.
Стаменкович біздің команда сапында алғашқы рет 2017 жылғы маусымда, Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің «Дунав» (Болгария) ФК қарсы ойынында шығып, 60- минутта Исмаэль Фофананы ауыстырған еді. Жалпы осы уақытқа дейін павлодарлық құрама намысын қорғап 39 матч өткізіп, 4 гол соққан еді. Биылғы маусымда 29-жасар орталық қорғаушы бельгиялық «Сент-Жилуаз» клубында өнер көрсетіп, екінші санаттағы ел біріншілігінде 3 орынға ие болып үлгерді.
Милоштың команда сапына қайта оралғандығына қуана отыра, ағымдағы маусымда оған тек сәттілік, жеңісті ойындар тілейміз!