Жаңалықтар
РЕСМИ: ДЕЯН ГЕОРГИЕВИЧ- «ERTIS» ФК ОЙЫНШЫСЫ
Павлодарлық «Ertis» футбол клубы Сербия елінің шабуылшысымен еңбек келісімі жасасқандығы жайлы ресми түрде хабарлайды. Бүгін футболшы сәйкес құжатқа қол қойды. 25-жасар Деян Георгиевич кәсіби мансабын туған жерінің «Земун» клубында бастаған. Бұдан бөлек, сербияның «Телеоптик», «Спартак Суботица», «Инджия», «Вождовац» және венгриялық «Ференцварош» командаларында өнер көрсеткен.
Соңғы рет сербиялық «Партизан» ФК сапында ойнаған.
«Ertis» сапына қош келдің! Сәттілік!