РЕСМИ: АЛЕКСАНДР МОКИН «ЕРТІС» САПЫНА АУЫСТЫ.
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы белгілі қазақстандық голкипер Александр Мокинмен келісім-шарт жасасқандығы жайлы ресми түрде хабарлайды. Қақпашы Шымкент футбол мектебінің тәлімгері болып табылады. Өзінің кәсіби мансабын «Жігер» командасында бастаған еді. Кейін «Астана» (Жеңіс), «Оқжетпес», «Ордабасы», «Алма-Ата» клубтарында өнер көрсеткен. Дегенмен көпшілікке «Шахтер» сапындағы ойыны арқылы таныс. Қарағандылық команда құрамында екі мәрте ел чемпионы атанып (2011, 2012), 2013 жылы ұжымның Қазақстан футболы тарихында алғашқы рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтуіне өз үлесін қосқан еді.
Соңғы жылдары «Астана» ФК намысын қорғап, бірнеше жыл бойы чемпиондық атақты қорғаған (2016, 2017, 2018). Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2005 жылы алғашқы рет өнер көрсетіп, жалпы 13 ойын өткізген.
Біз Александр сынды, тәжірибелі голкипердің «Ертіс» қатарына қосылғанына қуаныштымыз! Жаңа маусымда сәттілік тілейміз!