“Ертіс” Түркиядағы жаттығу жұмыстарына кірісті.

Бүгін павлодарлық «Ертіс» Түркияның Белек қаласында Димитар Димитровтың басшылығымен алғашқы жаттығуларын өткізді. Ұзақ демалыстардан кейінгі дайындық жұмыстары бой жазуға бағытталды. Ұжым бірінші оқу-жаттығулары аясында, кем дегенде екі жолдастық матч өткізетіндігі белгілі. Бапкерлер штабы ойындар күні және қарсыластар жөнінде нақты шешім қабылдап, бұл туралы қосымша жария етіледі. Сонымен қатар жиын барысында команда сапына жаңа ойыншылар мен қаралымдағы өзге ойыншылар қосылады деп күтіледі. 
«Ертіс» ФК баспасөз қызметі.