“Ертіс” алғашқы жаттығу жиындары аясында екі жолдастық кездесу өткізеді.

«Ертіс» футбол клубымен алғашқы оқу жаттығу жиындарында кездесетін командалар белгілі болды. 

19 қаңтар күні павлодарлық клуб «Спартак U21» командасына қарсы ойнайды. 

Ал 21 қаңтар күні “Ертіс” ФК – “Балтика” ФК жолдастық кездесуі жоспарлануда. Калининград қаласының командасы Ресейдің ФНЛ біріншілігінде өнер көрсетеді. 

Ойындардың уақыты мен тікелей түсірілім мүмкіндігі жөнінде ақпарат қосымша жарияланады.