Жаңалықтар
РЕСМИ: УГО СЕКУ ЖӘНЕ АЛЕКСАНДР МОКИНМЕН ЕҢБЕК КЕЛІСІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Павлодарлық «Ertis» ФК Александр Мокинмен жақында жасасқан еңбек келісімі жойылғандығы жайлы мәлімдейді. Оған футболшының отбасылық себептері негіз болды.
Сонымен қатар «Ertis» ФК мен Уго Секу арасындағы келісім-шарт тоқтатылды. Екі тарап дәл осындай, өзара келісілген шешімге келді. Португалиялық жартылай қорғаушы өткен маусымда біздің команда сапында 13 матч өткізіп, гол соққан еді. Саған алғыс білдіреміз, Уго!
Павлодарлық клуб А.Мокин және У.Секуға жаңа белестерді бағындыруға тілектес! Сәттілік!