Фонсекаға «Ертіс» сапында өткізген 100 матч үшін естелік жейде табысталды

“Ертіс”-“Қыран” ойыны басталмас бұрын біздің команданың капитаны, павлодарлық футбол сүйер қауымның сүйікті ойыншысына айналған Карлос Фонсека құрама сапында өткізген 100 матч үшін естелік жейдеге қол жеткізді. Арнайы сыйлықты “Ертіс” ФК директоры Ардақ Торсықбаев табыстады. Карлос қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге алғыс білдірді.

“Бұл клубтың намысын қорғап, 100-ден аса ойынға қатысқаныма қуаныштымын. Мен үшін үлкен құрмет, сол себепті өзімді бақытты деп есептеймін. Маған қолдау көрсеткен әрбір жанға алғыс айтамын. Сіздер кереметсіздер!”

Оставить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться.