«Ертіс» ойыншысы Арман Кенесов Қазақстан U-19 сапында Солтүстік Ирландияға гол соқты.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Солтүстік Ирландияның Дангэннон және Портадаун қалаларында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы матчтарын өткізді. Еске сала кетейік, ұлттық құрама сапына «Ертістің» жас футболшылары Санжар Айтым және Арман Кенесов шақырылған еді.

Сербия (Сербия U-19 – Қазақстан U-19 – 2:2)  және Польша (Польша U-19 – Қазақстан U-19 – 4:0) командаларына қарсы ойындарда Санжар Айтым негізгі құрамда шығып, өз үлесін қосты.

Ал іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Ирландияға қарсы соңғы матчтың 59-минутында Арман Кенесов нәтижелігімен көзге түсіп, команданы алға шығарды, 2:1. Алайда қарсылас есепті теңестіріп, кейін жеңіске жете білді. Ойын қорытындысы – 2:3.   

Оставить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться.