Негізгі құрамдағы дебют

 Биылғы маусымда «Ертіс» футбол клубының тəлімгерлері Сансызбай Жаңатұрмысов және Арман Кенесов негізгі құрамда алғашқы рет өнер көрсетті. 19-жасар қорғаушы Сансызбай Жаңатұрмысов Алматы қаласында өткен «Қайрат»-«Ертіс» матчының екінші таймында Руслан Есімовтың орнына шыққан еді. Биыл ойыншы «Ертіс» жастар құрамасының капитаны болып тағайындалып, Екінші Лига матчтарында өзін жақсы қырынан таныта білді.

 Сонымен қатар жартылай қорғаушы Арман Кенесов негізгі құрамдағы дебютті ойынын өткізген еді. Футболшы «Ертіс»-«Шахтер» матчында алғашқы минуттардан ойнады.  18-жасар Кенесов жүйелі түрде Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақырылып, соңғы Солтүстік Ирландияға қарсы кездесуде нәтижелігімен көзге түсті.

Жас жігіттердің  «Ертіс»сапындағы бағындырар белестер əлі алда деген ойдамыз! 

Оставить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться.