Қызылорданың «Қайсар» өз алаңында Павлодардың «Ертісінен» екі рет жеңіліп жатып, жеңісті қонақтардан жұлып алды. Есеп – 4:2.
Кайсар - Иртыш 4:2 (2:2)
Голы: Юрин 6 (0:1), Савич 20 с пенальти (1:1), Бегалин 27 (1:2), Струков 42 (2:2), Землянухин 48 (3:2), Савич 67 (4:2)
Предупреждения: Кляйн 27 - Коробов 42
Кайсар: Прядкин, Даутов, Кулибали, Кляйн, Алтаев, Мошников, Марушко, Розыбакиев (Землянухин 44), Калинин (Кунов 68), Струков, Савич (Яблан 80)
Резерв: Ширяев, Шевцов, Молдакараев, Нарзилдаев
Иртыш: Котляр, Джудович, Говедарица, Аманов (Аверченко 64), Хлебоун, Юрин, Бегалин (Бурзанович 52), Сартаков, Дудченко, Коробов, Иванов (Мухутдинов 46)
Резерв: Калмыков, Кожабаев, Чернышов, Бакаев
Судьи: Дузмамбетов (Усть-Каменогорск), Полуэктов (Тараз), Кенжебаев (Шымкент)
13 апреля. Кызылорда. Стадион "Локомотив". 3800 зрителей
Ойын қонақтардың шабуылымен басталды. Расын айтқанда, алғашқы минуттарда павлодарлықтардың қарқыны қатты болып, «Қайсар» футболшылары «Ертістің» шабуылдарына әзер төтеп беріп жатты. Павлодарлықтар ауттарды бірінен соң бірін лақтырып, бұрыштамаларды да қатарынан орындап жатты. Нәтижесінде, ойынның 6-шы минутында қарымта шабуылды тамаша ұйымдастырып, алаң иелерінің қақпасынан саңылау тауып кетті. Гол соққан Игорь Юрин болатын. Оң қапталдан асырылған пасты еркіне оп-оңай көндірген Юрин допты қақпаның сол жақ бұрышына асыра салды.
Бұл гол, шыны керек, «Қайсар» футболшыларының еңсесін бір сәтке түсіріп тастады. Біршама уақытқа дейін алаң иелерінің ойындары жүрмей, болмашы жерден қателесіп те жатты. Дегенмен, жиырмасыншы минутқа қарай естерін жинап, бойларын тіктеп алған Дмитрий Огай шәкірттері өздері де шабуылдарға көшіп, Котляр қақпасын торуылдай бастады. Ақыры дегендеріне жеткен Сыр футболшылары 20-минутта есепті теңестіріп кетті. Қарсыластың айып алаңында ойын ережесі бұзылып, бас төреші белгілеген пенальтиді Душан Савич сәтті орындады. Есеп – 1:1. Бірақ, қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Арада жеті минут өтер-өтпестен қорғанысымыздың оң қапталы тағы да «сөгіліп», Қуаныш Бегалин керекуліктерді алға шығарды. Абырой болғанда «қайсарлықтар» үзіліске дейін есепті теңестіріп үлгерді. Рахымжан Розыбакиев айып добын әдемі орындап, «теңбіл снарядтқа» бірінші жеткен Сергей Струков таразы басын теңестірді.
Есеп теңескеннен кейін ойын өрнегін тағы да жақсартуды жөн көрген Дмитрий Огай үзіліске дейін-ақ ойыншы алмастырып, Рахымжан Розыбакиевтің орнына Антон Землянухинді шығарды. Бас бапкердің бұл қадамы екінші таймның басында-ақ нәтижесін беріп, 48-минутта Антонның қақырата тепкен добы Котляр қақпасында тулап жатты. Ал 67 минутта ұйымдастырылған қарымта шабуылдың соңы голға айналып, қақпашымен жеке-дара шыққан Душан Савич кездесуге керемет нүкте қойды. Қорытынды есеп – 4:2, «Қайсар» 8 ұпаймен 6-орынға көтерілді.
Бұл қызылордалықтардың биылғы маусымдағы екінші жеңістері. Матчтан кейін жанкүйерлердің де, басшылықтың да көңіл-күйлері көтеріңкі болып, облыс әкімінің жалынды сәлемін жеткізу үшін облыс әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық футбол федерациясының президенті Нұржан Әлібаев футболшылардың бөлмесіне беттеді де, команданы жарқын жеңісімен құттықтады.