Официальный сайт

Футбольного клуба «Иртыш»

ИЛЬЯ КАЛИНИН: «ҚПЛ ЖЫЛ САЙЫН ДАМЫП КЕЛЕДІ»

Павлодарлық «Ертістің» жартылай қорғаушысы Илья Калинин клубтың баспасөз қызметіне 2017 жылғы маусымды қортындылап сұхбат беріп, Еуропа Лигасындағы «Астананың» сырт алаңдағы кездесуі туралы ойымен бөлісті. 

- Илья, биылғы маусым «Ертіс» үшін қалай өтті? 
- Жалпы, жылды жақсы бастадық, маусымның ортасында аздаған сәтсіздіктер орын алғаны рас. Ең соңғы кездесулер ауырға соқты, ал, «Шахтермен» өткен ойынды өмір бойы есімде сақтаймын, себебі, соңғы минутта Еуропа Лигасына жолдама ұтып алдық. Дегенмен, үздік үштіктен де үмітті болдық. Бірақ, орынсыз жерлерде ұпай жоғалтып жаттық. Мәселен, өз алаңымызда жеңістеріміз тым аз. Мұның немен байланысты екенін білмеймін, бейне бір, қысым басым тұрғандай... 

Жеке өзіме тоқталсам... негізі жақсырақ нәтижеге жетуге болар еді. Ойын тәжірибесін молайтып, гол соғып, пайдалы пастарды бергім келді. Бірақ, өткен іс өтті. Қазір өз ойындарымды ой елегінен өткізіп, алдағы жылға дайындықты бастап кеттім. 

- Қазақстандық командалардың деңгейі қандай деп ойлайсыз, қай командаға қарсыласу қиын болды? 
- «Қайрат» пен «Астананың» топ клуб екені белгілі, жоғары деңгейлі футболшылар көп. Қалған командалар бір деңгейде, бәрі мықты. Қазір кез-келген команда тартысты футбол көрсете алады, әр матчқа аса мұқият дайындалмасақ, оңайға соқпасы анық. Соңғы жылдары Қазақстан чемпионаты ілгері даму үстінде. Бірнеше жыл қатарынан отандық клубтардың Еуропаны дүркіретуі сөзіме дәлел бола алады. 

- Биыл «Ертіс» Еуропа Лигасында өнер көрсетіп, екінші кезеңге дейін жетті. Бұл жетістіктен асып түсе аламыз ба? 
- Келешек көрсете жатар. Әрине барынша тырысамыз. Жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді. 

- Димитар Димитровтың клубтан кетуі мен Вячеслав Грозныйдың келуі командаға қалай әсер етті? 
- Үлкен қиындық туғызды дей алмаймын, бір айдай жаңа тактиканы меңгерумен болдық. Кейін, үйреніп кеттік. 

- Ал, чемпионаттың шешуші ойындарында Давид Лорияның жарақат алғаннан кейін командада сенімсіздік пайда болған жоқ па? 
- Давид біздің нағыз капитан, капитан – команданың рухы! Үнемі бізді жігерлендіреді. Барлық жігіттерге алғыс айтқым келеді, қиындықтарға қарамастан соңына дейін күресе біліп, жеңіске жетті. 

- Кейінгі кездері жас футболшылар негізгі құраммен қатар жаттықты. Оларға қандай баға бересіз? 
- Өте талантты жігіттер. Егер ынталанып дайындалса, барын салса, бағы жанып қалар. Оларға тек мүмкіндік беру керек. 

- Премьер-Лиганың ең мықты футболшылары ретінде кімдерді атап өтер едіңіз? 
- Сөзсіз, Жерар Гоу, мүмкін болған сәттің бәрінде гол салады. Исаэль, Аршавин, сонымен қатар, Твумаси. Өте көп. Әрине олармен қарсы ойнап, жеңіске жету үлкен тәжірибе береді. 

- Демалысыңыз қалай өтуде? 
- Демалыс ойдағыдай, Алматыдамын. Қазір форманы сақтап қалу үшін жүгіріп жүрмін, алматылық достарыммен бірге жиналып доп тебеміз. Жуық күндері жаттығу залына барамын деп жоспарлап қойдым. Команданы сағынып қалдым, қайта жиналып бірге футбол ойнайтын кезді асыға күтудемін. 

- 2018 жылға қандай мақсат қойдыңыз? 
- Үздік үштіктің қатарынан табылу. Ұлттық құрамаға шақырту алу үшін барымды саламын. Себебі, Қазақстанның жейдесін кию үлкен жауапкерлішік әрі бақ деп есептеймін. Уақыт көрсетер. 

- Соңғы сұрақ, Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында «Астана» сырт алаңда «Славиямен» кездеседі. Қандай болжам жасайсыз? 
- «Астана» ел намысы үшін бар күшін салады. Жеңу керек. Еуропада Қазақстанның байрағын көтеріп жеңеді деп ойлаймын. Үміттенемін, сенемін. 

- Уақыт бөлгеніңізге рахмет. Келесі жылы Сізден және командадан тек жақсы нәтижелерді күтеміз, сеніміміз мол. 
- Қолдан келгенше тырысамыз. Рахмет! 


«Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметі

пресс-служба ФК «Иртыш» admin

30.11.2017 в 11:31

Теги:

Премьер-Лига


Команда И О
1 Астана 33 79
2 Кайрат 33 78
3 Ордабасы 33 58
4 Иртыш 33 48
5 Тобол 33 47
6 Кайсар 33 42
7 Шахтер 33 40
8 Атырау 33 35
9 Актобе 33 33
10 Акжайык 33 30
11 Тараз

33

26
12 Окжетпес 33 24

 



Вторая Лига


Команда И О
1 Атырау    
2 Кайрат    
3 Тобол    
4 Иртыш    
5 Жетысу    
6 Ордабасы    
7 Тараз    
8 Шахтер    
9 Актобе    
10 Астана    
11 Окжетпес    
12 Кайсар    

ФК Иртыш   ФК Шахтер
XХXIII тур
1:0
5 ноября

ФК Окжетпес   ФК Иртыш
XXXII тур
1:2
12 октября

ФК Иртыш   ФК Актобе
ХXХI тур
1:1
21 октября

ФК Астана   ФК Иртыш
XХХ тур
2:1
15 октября

 


align="center"