Официальный сайт

Футбольного клуба «Иртыш»

ПІРӘЛІ ӘЛИЕВ: «ЕРТІС – ЕУРОПАНЫҢ НАҒЫЗ ЖАУЫНГЕРІ»

Павлодарлық «Ертістің» қорғаушысы Пірәлі Әлиев клубтың баспасөз қызметіне 2017 жылғы маусымды қортындылап сұхбат берді.

— Пірәлі, «Ертіс» үшін биылғы маусым қалай өтті?

—Ең біріншіден, бізге үнемі қолдау көрсететін павлодарлық жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Өз алаңымызда сәтсіз ойнасақ та, әрқашан Орталық стадионға келіп, сенім білдіретін. Көшеде көрсе де, қолдауын аямайтын. Сол үшін де ризашылығымыз мол. Келер жылы бәрі ойдағыдай болып, жасыл алаңда оларды жеңіспен қуантамыз деген ойдамын.

Жалпы, команда үшін маусым ауыз толтырып мақтанарлықтай емес. Ия, Еуропа Лигасына жолдама алдық, алайда, біздің мақсат бұдан да жоғары еді. Біз, байрақты бәсекеге үздік үштіктің қатарынан табылып өту керек едік. Айтарым, соңғы жылдары, «Ертіс» үнемі Еурокубоктерде өнер көрсетеді, бұл, жақсы нәтиже, клуб ілгері өсіп келеді. Десе де, биыл жүлдегер атанғымыз келді, бірақ, бұйырмады.

Соңғы турларда «Ақтөбемен» 98-інші және «Шахтермен» 92-інші минуттарда гол салып, жанкүйерлерге қуаныш сыйлай алдық, бұл аздап көңілімізді жұмсартқандай болды. Бірақ, бұдан да биік белестерді бағындыру керекпіз.

—Осы жылы «Ертіс» Еуропа Лигасында болгарлық «Дунав» пен сербиялық «Црвена Звезда» сынды беделді командалармен кездесті. Ойындарға қандай баға берер едіңіз?

—Бірінші айналымнан өтіп, Қазақстанның қоржынына ұпай салдық. Болгарларды лайықты жеңіп кеттік. Ал, сербиялықтармен 2:0 есебімен ұтылсақ та, соңына дейін тартыстық, күрестік. «Црвена» қазіргі күні топтық кезеңде «Арсеналмен» тең деңгейде ойнап жүр, яғни, біз өте мықты қарсыласқа есе жібердік. Сондықтан, Еуропаға жасаған жорық сәтті болды деп есептеймін. Жиналған тәжірибенің арқасында келер жылы бәрі жақсы болу керек. Егер, команданың негізін сақтай алсақ, үміт те зор болады. «Ертіс» - нағыз еуропалық жауынгер команда, алғашқы кезеңде жақсы өнер көрсеттік. Кейін, бізге ғана емес, барлық қазақстандық клубтарға қиынға соқты. Ал, «Астана» тәжірибе жинап алғаннан соң биік белестерді бағындыруда.

—Болгарлық бапкер Димитар Димитров несімен есіңізде қалды?

—Ол өте тамаша бапкер және өте жақсы адам. Ол Павлодарға келген күннен бастап мен онымен бірге жұмыс істедім, өз ісінің нағыз шебері. Адамдық қаситеттері жоғары деңгейдегі азамат. Жігіттерге оның жаттығу процесі мен ойыны ұнайтын. Бір білерім, Павлодар оның жүрегінде ұзақ сақталады, ол «Ертісті» жақсы көреді. Мүмкіндік болса, ол қайтып келетін сияқты. Жанүйерлер де, футболшылар да оған риза! Димитардан өте көп пайдалы нәрсе үйрендік. Егер, мен болашақта бапкер болсам, Димитар Димитровтан үйренгендерімді қолданар едім, меніңше, ол өте мықты бапкер.

—Чемпионат соңына таяғанда бас бапкер болып Вячеслав Грозный келді. Украиндік маманға үйренісіп кету қиынға соққан жоқ па?

—Грозныймен осыған дейін де жұмыс істеп көрдім. Сондықтан, айтарлықтай жаңашылдық болмады. Оның мақсаты – Еурокубокке өту, ол мақсатын орындады. Грозныйдың өзіндік ойын жүйесі, стилі бар. Әр жаттықтырушы жоғары нәтижеге жетуге тырысады. Ең бастысы, бапкер ретінде барлығының көңілінен шыға білу.

—Премьер-Лигадағы үш айналым жүйесі жақсы ма, әлде, өткен жылғыдай екі алтылыққа бөлініп ойнаған ыңғайлы ма?

—Үш айналымдық жүйенің өзіндік пайдалы тұстары бар, екі рет кездескен соң нағыз мықтылық үшінші ойында анықталады. Бірақ, екі алтылыққа бөлініп ойнау да маған ұнайтын. Кез-келген жүйемен өнер көрсетуге дайынмын. Футболшылардың бір ғана мақсаты бар – жақсы ойнап, жеңіске жету.

—Биыл «Ертіс» сырт алаңда жиі жеңіп, өз алаңында көп ұтыла берді. Не себепті?

—Бұл менің ең ауыр сұрағым шығар. Егер, өз алаңымызда 50 пайыз жеңсек, үздік үштіктен көрінетін едік. Өкінішке орай, сырт алаңда ғана сәттілік серік болатын. Қонақта біз екінші нөмірмен ойнадық, допқа иелік етіп, жылдам футболшылармен тез шабуылға шығып жүрдік. Позициялық шабуылда қарсыластардың қорғанысын бұза алмадық. Жүлделі орынға таласатын мықты команда, екінші нөмірмен де, позициялық шабуылмен де ойнай алу керек деп есептеймін. Еуропада біз жоғары деңгейлі командалармен кездесеміз, оларға қарсы шабуылда да, қорғаныста да шеберлік таныту маңызды. Сондықтан, жұмыс жасау қажет.

—Сары қағаздың көптігінен Сіз маусым ортасында «Ертіс жастары» құрамында ойнадыңыз. Негізгі құрамға ілініп, Премьер-Лигада өнер көрсете алатын футболшылар бар ма?

—Ия, талантты футболшылар бар, жекелей аттарын атамаймын. Бірақ, олар азынаулық жетістіктерімен қанағаттанып қалмай, одан да жақсы нәтижеге қол жеткізу керек. Олар, негізгі құрамда да, ұлттық құрамада да ойнай алады. Тек еңбектену керек. Меніңше, «Ертісте» жергілікті тәрбиеленушілер көп болу керек, себебі, кеудеміздегі эмблема – туған командамыздың абыройы, беделі. Келесі жылы жастар көптеп шығады деген үміттемін.

—Демалысыңыз қалай өтуде?
—Демалысым тек отбасыммен өтуде. Себебі, чемпионат барысында мен оларды сирек көремін. Екі ұлым футболмен айналысады, оларды оқуларынан бөгемеу үшін де ешқайда шыға қоймаймын. Қалада, отбасыммен бірге, балаларым мен ата-анамның ортасындамын. Бар уақытымды оларға арнаймын. Бұл – менің нағыз бақытым, байлығым. Туыстарым, жақындарыммен бірге болу – мен үшін ең керемет демалыс.

—Уақыт тауып сұхбат бергеніңізге рахмет!
—«Ертіс» үшін әрқашан қуана сұхбат беремін. Рахмет!

пресс-служба ФК «Иртыш» admin

5.12.2017 в 11:51

Теги:

Премьер-Лига


Команда И О
1 Астана 33 79
2 Кайрат 33 78
3 Ордабасы 33 58
4 Иртыш 33 48
5 Тобол 33 47
6 Кайсар 33 42
7 Шахтер 33 40
8 Атырау 33 35
9 Актобе 33 33
10 Акжайык 33 30
11 Тараз

33

26
12 Окжетпес 33 24

 



Вторая Лига


Команда И О
1 Атырау    
2 Кайрат    
3 Тобол    
4 Иртыш    
5 Жетысу    
6 Ордабасы    
7 Тараз    
8 Шахтер    
9 Актобе    
10 Астана    
11 Окжетпес    
12 Кайсар    

ФК Иртыш   ФК Шахтер
XХXIII тур
1:0
5 ноября

ФК Окжетпес   ФК Иртыш
XXXII тур
1:2
12 октября

ФК Иртыш   ФК Актобе
ХXХI тур
1:1
21 октября

ФК Астана   ФК Иртыш
XХХ тур
2:1
15 октября

 


align="center"