Ресми: Каньяс, Миросавлев және Дубра «Ertis» сапынан кетті.

Павлодарлық «Ertis» футбол клубы негізгі команда сапынан Милан Миросавлев, Каспарс Дубра, Роджер Каньяс кеткендігі жайлы ресми түрде хабарлайды. Клуб басшылығы және футболшылар дәл осындай, өзара келісілген, шешімге келді. «Ertis» ФК атқарылған жұмыс үшін ойыншыларға алғыс білдіре отырып, сәттілік тілейді!