РЕСМИ: МОМОДУ СИССЕЙ — «ЕРТІС» ФК ОЙЫНШЫСЫ.

Гамбиялық футболшы Момоду Сиссей павлодарлық «Ертіс» ФК ойыншысы атанды. Шабуылшының еңбек келісімі 2019 жылдың соңына дейін қарастырылған.

Өткен маусымда ойыншы петропавлдық «Қызылжар СҚ» командасында өнер көрсеткен. Бұдан бөлек, алматылық «Қайратта» ойнап, үш маусымның бірінде жылдың ең үздік сұрмергені атанған.

Сонымен қатар Сиссей Бельгия, Израиль және Финляндия клубтарында ойнаған. Және Гамбия ұлттық құрамасына шақырылып, нәтижелі ойынымен көзге түскен.

«Ертіс» сапында голдарың көп болсын! Қош келдің, Момоду!

  • Жаңалықтар
    РЕСМИ: СТАНИСЛАВ ЛУНИН — «ЕРТІС» ФК ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ.
  • Жаңалықтар
    РЕСМИ: ТИМУР МУЛЬДИНОВ — «ЕRТІS» ФК ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ