РЕСМИ: ТИМУР МУЛЬДИНОВ — «ЕRТІS» ФК ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ

Павлодарлық «Ertis» футбол клубы шабуылшы Тимур Мульдиновпен еңбек келісімі жасалғандығы жайлы хабарлайды.

Өткен маусымда 25-жасар Мульдинов «Қызылжар СҚ» сапында 29 ойынға қатысып, 8 гол соғып, құрама капитаны болған еді. Спорт мамандары, Тимур 2018 жылы ҚПЛ жаңа есімдерінің біріне айналғандығын айтып, оған жоғары бағаларын берген.

Т.Мульдинов — Петропавл футбол мектебінің тәлімгері, негізінен «Қызылжар СҚ» командасында өнер көрсетті, тек 2014 жылы «Спартак» (Семей) сапында қысқа мерзім ойнаған.

Біздің «Еrtis» ойыншыларының қатарына қосылғаныңа аса қуаныштымыз, Тимур! Бар өнеріңді көрсетіп, командамызбен бірге жеңіс тұғырынан көрінуіңе жазсын!

  • Жаңалықтар
    РЕСМИ: МОМОДУ СИССЕЙ — «ЕРТІС» ФК ОЙЫНШЫСЫ.
  • Жаңалықтар
    РЕСМИ: ФОНСЕКА «ЕRTISПЕН» ЕҢБЕК КЕЛІСІМІН ҰЗАРТТЫ