РЕСМИ: ФОНСЕКА «ЕRTISПЕН» ЕҢБЕК КЕЛІСІМІН ҰЗАРТТЫ

Карлос Фонсека жаңа маусымда павлодарлық «Еrtis» футбол клубында өнер көрсетуін жалғастырады. Келісімшарт 2019 жылдың соңына дейін қарастырылған.

Биыл Карлос командамыздың сапында 100-ші матчын өткізіп, маусым ортасында құрама капитаны атанған еді. Португалиялық футболшы «Ertis» жейдесін алғашқы рет 2015 жылы маусым айында киген еді. Карлос команда ойынына қосатын үлесі мен шешуші голдары арқасында, бірнеше маусым бойы жанкүйерлеріміздің жоғары бағасын алып келеді.

Жарақаттан аман болып, біздің команда сапында зор жетістіктерге жете бер!

  • Жаңалықтар
    РЕСМИ: ТИМУР МУЛЬДИНОВ — «ЕRТІS» ФК ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ
  • Жаңалықтар
    Жаңа Жыл Құтты болсын!