РЕСМИ: МИЛАН МИЛАНОВИЧ-«ERTIS» ФК БАС БАПКЕРІ

Павлодарлық «Ertis» ресми түрде Милан Милановичпен еңбек келісімі жасасқандығы жайлы мәлімдейді. 56-жасар сербиялық маман команданың бас бапкері қызметіне тағайындалды. 
Келісім-шарт ағымдағы футбол маусымының соңына дейін қарастырылған, әрі ұзартылуы мүмкін. 

Жаңа жаттықтырушы осыған дейін Фарер аралдарының «ВБ Вагур», «Твёройри», сербиялық «Нови Пазар», «Колубара», «Хайдук», «Земун», «Рад», «Раднички», ОФК, босниялық «Лакташи» және қазақстандық футбол сүйер қауымына жақсы таныс молдавиялық «Шериф» командаларын басқарған еді. Сонымен қатар, Сербия жасөспірімдер және жастар құрамаларында да қызмет еткен. 2013 жылы, «Нови Пазар» ФК бас бапкері бола тұра, Сербия чемпионатының үздік жаттықтырушысы атанған еді. 

Павлодарлық «Ertis» сапына қош келдіңіз! Жұмысыңызға сәттілік тілейміз!