«Еrtis» жаттығуларға кірісті

Павлодарлық «Ertis» футбол клубының ойыншылары, чемпионаттағы үзіліс пен ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты берілген кішігірім демалыстан оралып, 16 маусым күні сырт алаңда өтетін «Таразға» қарсы өтетін матчқа дайындықты бастады. Жаттығу аясында осы жексенбі күні команда «Екібастұз» ФК қарсы жолдастық кездесу өткізеді. «Орталық» стадиондағы матчқа кіру тегін. Басталуы сағат 18:00. 

Әзірше, бүгінгі жаттығу сәттерін біздің фоторепортаждан тамашалай аласыздар